Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жасынан асқар шыңға ұмтылған тұлға - АРҚА АЖАРЫ

Жасынан асқар шыңға ұмтылған тұлға

Қадіржан ӘБУЕВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Атақты Абылай ханның шөбересі, Шыңғыс тұқымынан тараған ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов 1835 ж. Көкшетау округіне қарасты Сырымбет ауылындағы Айғаным қонысында, Аман-Қарағай округінің аға-сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келді. Шоқанның атасы Уәли Ресей және Қытай таныған Орта жүздің соңғы ханы болды. Шоқанның анасы атақты Шорман бидің қызы, Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановтың әпкесі болған. Уәлихановтар әулетінің түп-тамыры Қазақ хандығының негізін қалаған Әз-Жәнібек ханнан басталады. Әрі қарай келесідей ретпен жалғасады: Жәдік сұлтан, Шығай хан, Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан, Уәлибақы сұлтан, Абылай сұлтан, Көркем Уәли, Абылай хан, Уәли хан, Шыңғыс сұлтан, Шоқан.

Байырғы қазақ дәстүріне сәйкес Шоқан бала кезінен бастап жеті атасын жатқа білетін. Шоқанның тарихқа деген қызығушылығына оның шыққан тегі, ата-бабаларының жасаған қызметі үлкен әсер етті. Ол халықтың азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күресі жөнінде ауыз әдебиет үлгілерін мұқият тыңдап, жазып отырған. Әсіресе, жас Шоқанның жүрегінде із қалдырған арғы атасы атақты Абылай ханның ерлігі туралы аңыздар мен дастандар болды. «Тарих толқынында» атты еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев былай деп жазған: «Чокан Валиханов – прямой потомок хана Абылая, нес в своей родословной богатейший духовный заряд предков».
Шоқанның тәрбиесіне әжесі Айғаным ханша көп ықпал етті. Атақты ғалым Ә.Марғұланның айтуынша, Айғаным өте білімді, ақылды, көреген әйел болған. Бастауыш білімді Шоқан Сырымбеттегі әжесі ұйымдастырған мектепте алды. Шығыс әдебиетінің білгірі әжесі Айғанымның, Қазақстандағы этнографиялық зерттеулердің бастапқы негізін жасаған әкесі Шыңғыстың ықпалдарымен Шоқан бала кезінен бастап-ақ туған өлкесінің тарихы, халық ауыз әдебиетіне көп қызығушылық танытты. Сол кездің өзінде ол «Қозы-Көрпеш пен Баян-сұлу», «Еркөкше», «Едіге» атты қазақ батырлық дастандар үлгілерін жазып алған. Сонымен, Шоқанның тұлға болып қалыптасуы ерте бала кезінен басталды.
Шоқанның балалық шағы туған туысқандарының сүйіспеншілігі мен мейіріміне толы болды. Жасөспірім кезінде оның сүйікті ісі құс пен аң аулау және құрбыларымен түрлі ойындар ойнау болды. Шоқанның ата-анасы қазақ ақсүйектерінің өкілдері, өте бай, білімді, мәдениетті адамдар болған. Әкесі Шыңғыс, 1843 жылы Омбыдағы Сібір казак әскери училищесін аяқтап, бірнеше мерзім Аман-Қарағай, Құсмұрын, Көкшетау округтерінің аға-сұлтаны болып қызмет істеді. Қызметте оған полковник шені мен мұрагерлік дворяндық атақ берілді. Қазақтардың күнделікті тұрмысын, әдет-ғұрыптарын жақсы білген ол этнографиялық және статистикалық мәліметтерді жинақтаумен айналысқан. Бұл іске Шоқанды да бала кезінен тартқан.
Сонымен қатар, Шоқан үшін алғашқы сабақтардың бірі ол оны қоршаған табиғи ортасы – Сырымбет, Айыртау, әсіресе, Көкшетау таулары – болды. Аңызға толы Оқжетпес пен Жұмбақтас, туған өлкесінің табиғаты, Уәлихановтар әулетінің рухани мұрасы зерек балаға үлкен әсер қалдырды.
Осылайша Шоқан өскен отбасы мен орта оның зерттеу жұмысына деген қабілеттерінің қалыптасуына септігін тигізді.
Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханов орысша білім алудың маңызын түсіне отырып, 1847 жылы ұлын Омбыға алып келді. Оның өтініші бойынша Шоқанды Сібір кадет корпусына қабылдады. Ол мекеме Сібір аймағындағы ең беделді оқу орны болып саналды.Шоқанмен бірге, кейін танымал ғалымдар болған Г.Н.Потанин, Н.Ф.Анненский, В.И.Вагин және басқалары оқыды. Омбыда өткізген кезі Шоқан үшін белсенді оқу жылдары болды.
Сол кездің өзінде-ақ Шоқан Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысты. Осы мақсатпен ол шетелдік және орыс шығыстанушы ғалымдарының еңбектерімен танысты. Осы жайында Г.Н. Потанин былай деп жазған: «Уже на школьной скамье Валиханов стал готовиться к роли путешественника, тогда же перечитал Палласа, Рычкова, Левшина, Вельяминова-Зернова и массу других книг».
Кадет корпусындағы оқыған жылдары Николай патшаға қарсы, абсолютизм мен крепостниктікке қарсы қоғамдық-саяси күрестің күшеюімен сипатталады. Ресейді осы уақытта үлкен тарихи оқиғалар күтіп тұрды. Елде болып жатқан оқиғалар Шоқанның ішкі жан дүниесіне үлкен әсер етіп, оның қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына ықпалын тигізді. Талантты педагог, кластар инспекторы И.В.Ждан-Пушкиннін шақырылуымен келген орыс демократиялық зиялылары, Н.Г.Чернышевскийдің досы В.П.Лободовский, Қазан университетінің түлектері Ф.Н.Костылецкий, Г.В.Гонсевский және басқалары корпуста тілдерден, тарихтан, әдебиеттен дәріс оқыды.
Кадеттер дайындайтын бағдарлама күрделі әрі ауқымды еді. Әскери пәндермен қатар, корпус тәрбиленушілері орыс және еуропалық тілдерді, әдебиетті, география, ботаника, зоология, физика, математика, философия, архитектура, сурет және сызуды оқыды. Сонымен қоса корпуста түркі, моңғол, араб және парсы тілдерін үйретті.
Шоқанның Орталық Азия халықтарының тарихына деген қызығушылығының пайда болуына ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қызмет еткен тарихшы, шығыстанушылардың:
Х.Френнің, В.В.Григорьевтің, В.П.Васильевтің, Н.Бичуриннің, И.Березиннің,А.И.Левшиннің, В.В.Вельяминов – Зерновтың, А.К.Казембектің еңбектері әсер етті.
Шоқан міндетті оқуға арналған әдебиеттен басқа батыс және шығыс философтарының трактаттарын, еуропалық жазушылардың әлеуметтік романдарын көп оқитын. Ол В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың сыни мақалаларын, Н.В.Гогольдің сатирикалық шығармаларымен таныс болды. Шоқанға А.С.Пушкиннің, Дж.Байронның, У.Шекспирдің поэзиялары, әсіресе, М.Ю.Лермонтовтың өлеңдері мен прозасы әсер қалдырды. Шоқан өмірбаянын зерттеушілер Лермонтов пен Уәлихановтың тағдырларының, тіпті сырттай ұқсастықтары бар екендігін атап кеткен.
Шоқан тарихи-географиялық әдебиетті ұнатып оқитын, бірақ сирек кездесетін әдебиеттерді Омбыда табу қиын болды. Г.Н.Потаниннің айтуынша, корпустық кітапхана тек орыс генералдарының өмірбаяндары және түрлі соғыстар жайлы жазылған кітаптардан тұрды. Ол былай деп жазған: «Для меня было большим счастьем, когда начальство разрешило Чокану брать книги из Фундаментальной библиотеки. Это в нашем развитии была эпоха, когда Чокан принес из недоступного книгохранилища «Путешествие Палласа» и «Дневные записки Рычкова». С увлечением мы читали книгу Палласа, особенно те ее страницы, в которых описывались родные для нас места».
Шоқан Потанин екеуі А.И.Левшиннің «Описания киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей» еңбегінің үш томын мұқият оқып шығып, үшінші томына өзінің ескертулерін айтты. Соған қарамастан, ол қазақтардың тарихын, этнографиясын сипаттаған бұл еңбекті жоғары бағалап, авторын қазақ даласының Геродоты деп атаған. Сонымен қатар, Шоқан Н.Иакинфтің «История первых четырех ханов из дома Чингизова», Г. Миллердің «История Сибири», Клапроттың «Исторические карты Азии», А. Гумбольт пен А. Ремюздің еңбектерін оқып шыққан.
Кадет корпусының оқытушыларының ішінде өзінің білімімен және еркін мінезімен Н.Ф. Костылецкий ерекшеленді. Шоқанның дарын иесі екенін байқаған ол, В.Г.Белинский идеяларының дамытушысы ретінде қоршаған ортаны сыни қабылдауға үйретті. Ол өзінің досы Қазан университетінің профессоры И.Н.Березинге Ш.Уәлиханов туралы жазып, оның Тоқтамыс ханның белгісіндегі түсініксіз сөздерді шешіп беруге көмектесе алатынын айтқан. Осылайша Н.Ф.Костылецкийдің ұсынысымен атақты ғалыммен жас кадет Шоқанның арасындағы хат алмасу басталды. Бұл Шоқанның алғашқы зерттеу жұмысы болатын, кейін ғалымның бес томдық шығармалар жинағының бірінші томына «Письмо к профессору И.Н.Березину» деген атпен еңгізілді.
ХІХ ғасырдың ортасында шығыстанушы-ғалымдар қарастырған маңызды мәселелердің бірі моңғол шапқыншылығы тарихы мен Алтын Орданың құрылуы еді. Бұл тақырып Шоқанды да қызықтырды, себебі, Қазақстан жерін Шыңғысхан жаулап алып, соның негізінде Бату құрған мемлекет пайда болды. «Алтын Орда» терминін қарастыра отырып, ол былай жазған: «Эпитет золотой был в большом употреблении у монголов для обозначения величия, блеска, силы и знатности (например, Алтан хан) – золотой царь, алтан дептер (золотая книга), золотое лицо».
Мемлекет тарихына қатысты терминдерді түсіндіру үшін Шоқан жазған: «Во всех ярлыках Золотая Орда называется Улуг Улус. Мне кажется слово Орда имело и прежде в Золотой орде такое же значение, как теперь у киргиз и калмыков, и означало в обширном смысле место столицы хана, в тесном – его ставку. Золотая Орда – золтой шатер и юрта, в которой сидел хан; впоследствии оно обратилось в название всех ставок городских, где жили ханы. Так что, слова Ак Орда, Сары Орда, нужно принимать не как название улуса или юрты, а как название главной стоянки, резиденции ханов». Улуг Улусты Тоқтамыс хан (1381-1395) билік еткен кезеңде мемлекет күшейіп, оның атынан тиын соғылып, орыс және литва княздықтары вассалдық тәуелділікте болған.
«Письмо профессору И.Н.Березину» атты еңбеғі Шоқанның алғашқы ғылыми-зерттеуі болды. Мені ғалым ретінде таңқалдыратын нәрсе ол – қалайша он алты жастағы бозбала парсы, араб, орыс, батыс және қазақ деректерін терең біліп, трактат жазып шығарғандығы. Ш.Уәлиханов профессорға жазған хаттарында Тоқтамыс ханның белгісіндегі кейбір сөздер мен терминдерге толық түсініктемесін береді. Мысалы, «Улуг Улус» (Великий Улус), «Едиль и Джаик» (Волга и Урал), «Кара-кум» (черный песок), «Орда», «угланы», «беки» тағы басқа түсініктемелерде Шоқан қазақ халқының шығу тегі, қазақтар мен қырғыздардың рулық-тайпалық құрамы туралы өзінің дәлелді пікірін білдіреді. Ол бірінші болып қазіргі кезде қабылданған «қазақ» терминіне қатысты пікірін айтқан, яғни алғашқыда «қазақ» сөзі әлеуметтік мағынада қолданып, кейін Қазақ хандығы құрылғасын этникалық мәнге ие болған.
Сібір жылнамалары мен Жалаиридің «Жылнамалар жинағының» негізінде Шоқан «Родословная султанов киргизских» (қазақтардың – К.А.) ата-тегі кестесін құрастырған. Онда XVI ғасырдағы қазақ тарихынан мәліметтер келтіреді. Ол былай деп жазған: «Кочевой степняк для отличия от своих городских родовичей – соседей, узбеков и ногайцев, гордился именем казака – свободного степняка, кочевого человека. Г.Левшин говорит утвердительно, что в XVI столетии, в степях Кипчака и Чите, были два сильные владения: Улус – Могул под владычеством хана Дадана и Казак, и что в это время к казакам присоединились, или силою были присоединены, разные отпавшие от Золотой Орды отделения многих народов, как-то: кипчаки и найманы, конрады, джалаиры, канглы и другие отрасли, коих названия ныне носят сильнейшие поколения, роды и отделения орд киргиз-кайсаков».
Қазақтардың шығу тегін зерттей келе, кейін оның зерттеулерінің басты мақсатына айналған, Уәлиханов О.И.Сеньковский мен А.И.Левшиннің қазақтар тарихи сахнада көне замандарда пайда болды деген ғылыми қорытындыларымен келіспеді. И.Березинге жазған хатында Шоқан былай деп көрсеткен: «… странно, где это удалось им (Сеньковский мен Левшин туралы айтылған – К.А.) видеть народ казак до Чингис-хана и в числе чингизовских племен; по крайне мере, Абулгази, Шейбани-неме…для тех периодов не упрминают о казаках. Я уверен, что народ этот образовался не ранее XIV., при распадении Джучиева улуса».
Шоқанның келесі айтып кеткендері өте бағалы болып табылады: «Народ казак (так называют себя и зовутся от своих азиатских соседей киргизы) разделяется на три сотни – юз (сілтемеде: дәлірек айтқанда жүз деп жазады – К.А.), которые русские называют ордами и которые по старшинству у них называются Большая, Средняя и Меньшая сотня (Улу юз, Урта юз и Кичи юз)».
Кадет корпусында оқып жүрген кезінде Шоқан қазақ халқының тарихын зерттеген орыс авторларының еңбектерін оқыған. Әсіресе, ол А.И.Левшиннің «Описание киргиз-казачьих орд» атты монографиясын қайта-қайта оқып, оның үшінші бөліміне қатысты ескертулерге арналған мақала жазды. Кадет корпусындағы оқу жылдары Шоқанның кейінгі тағдырын анықтады.
Өзінің досы туралы Г.Н.Потанин былай деп жазған: «Чокан до поступления в кадетский корпус ни слова не знал по-русски и уже тогда любил рисовать карандашом». Бұл жерде Потаниннің асырып айтқанын байқауға болады, өйткені, Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханов орыс тілін жақсы меңгеріп, баласын орыс оқу орнына бере отырып, тілді үйретпеуі мүмкін емес. Әрине, бастапқыда Шоқан орыс тілінде тиісті деңгейде сөйлеген жоқ, соны түсіне отырып, ол аз сөйлеп көп тыңдағанды қалайтын. Корпуста оқыған жылдары Шоқан тек орыс тілін ғана емес, сонымен қатар неміс, ағылшын және француз тілдерін меңгерді. Гонсевский деген оқытушы демалыс күндері Шоқанды үйіне апарып, кітапханасындағы француз, неміс және ағылшын классиктерін оқуға үйретті.
Г.Потанин естеліктерінде жазған: «развивался Чокан быстро, опережая своих русских товарищей. Кроме природного ума, он имел к тому и другие преимущества. По воскресеньям тех кадет, которые имели родственников или знакомых в городе, отпускали в город. У Чокана ни родных, ни знакомых в городе не было. Но им интересовались многие… и они брали к себе в отпуск». Осылайша оқуының алғашқы жылдарында Шоқан әкесінің досы А.А.Сотников деген шенеуніктің, сурет оқытушысы Померанцевтің, тарих оқытушысы Гонсевскийдің үйлерінде жиі болып тұрды. Оқуының соңғы жылдарында Капустин деген шенеунікпен туыстық қатынасы бар геодезия оқытушысы Гутковскийдің үйіне барып отырған. Капустиндердің қонақжай үйлеріне Гутковский екеуі баратын болған. Потанин бұл жөнінде былай жазған: «Семейства Капустиных и Гуткосвких состоявшие в близком родстве между собою, были центром омской интеллигенции: в этих домах собирались образованные чиновники и молодые офицеры; тут можно было встретить офицера Генерального штаба, художника или чиновника-литератора, ученого, путешественника, заехавшего в Омск по дороге в Центральную Азию, или поэта, очутившегося здесь в качестве «невольного странника». Капустиндер үйінде Шоқанды жылы қарсы алды, әсіресе, үй қожайынының әйелі Екатерина Ивановна Капустина, атақты ғалым Д.И. Менделеевтің апасы, аналық қамқорлық көрсетті.
Шоқанды тек Капустиндер отбасы ғана жылы қабылдаған жоқ, сонымен қатар осы үйге келетін қонақтар да жақсы лебіз білдірді. Шоқан кейін атақты болған жас ғалым Д.И.Менделеев пен С.Капустинмен танысты.
Орыс және батыс, әсіресе, ағылшын әдебиетін оқу, алдыңғы қатарлы зиялылар өкілдерімен қарым-қатынас жасауы Шоқанның білімін ғана тереңдетіп қойған жоқ, сонымен қатар оны рухани байытты, оның көзқарасының қалыптасуына әсер етті. Г. Потанин жазған: «Чтение развило в нем критические способности, приложением которых он удивлял нас, как в области восточной филологии, которая становилась уже его специальностью».
Шығыс елдеріне, әсіресе, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы Шоқан Уәлихановта ерте қалыптасты. Кадет корпусында оқыған кезінде-ақ Шоқан қазақтар, қырғыздар және Орталық Азияның басқа да халықтары туралы бар әдебиетті оқыған. ХІХ ғасырдың ортасында география ғылымы Африка, Австралия және басқа да құрлықтарды зерттеуде зор табыстарға жетті, бірақ Орта жән Орталық Азия әлі де толық зерттелмеген еді. Кейін «Записки о киргизах» деген еңбегінде Шоқан былай деп жазған: «Неужели Азия – колыбель человека – менее любопытна, нежели Африка?… Нам, русским, особенно непростительно пренебрежение к изучению Средней Азии, нашей соседки».
Осылайша Шоқан Уәлихановтың кадет корпусында өткізген уақыты тек белсенді оқу ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіру және зерттеу жұмысына дайындаумен сипатталады. Корпусты аяқтаған кезде ол жоғары білімді, интеллектуалды дамыған, қалыптасқан тұлға болып шықты.
1853 жылы Ш.Уәлиханов кадет корпусын өзінің курстастарынан бір жыл бұрын аяқтады. Бұған себеп болған 1851 жылы Петербордан келген нұсқаулық «не переводить воспитанников-киргизов (казахов – К.А.) в специальный класс, где изучались военные дисциплины». Осы жөнінде Шоқан жазған: «Горцы и киргизы не допускались в кадетских корпусах на специальные классы, где преподаются военные науки». Ол оқу орнын аяқтаған кезде корнет деген лауазымға ие болып, Сібір казак әскеріне қызметке жіберілді. 1854 жылдың қазанында Батыс-Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың адъютанты қызметіне тұрып, Омбыға қайтып келеді. Омбыда ол сібір ведомствосына қарасты қазақтар тарихы туралы материалдарды жинақтаумен айналысады. Осы мақсатпен Сібір қазақтарының шекаралық басқармасының мұрағатындағы құжаттармен жұмыс жасайды.
1855 жылдың жазында Уәлиханов генерал-губернатордың Семей облысы мен Іле аймағы бойынша жолсапарында ілесіп жүреді. Оның жолсапарының бағыты Омбыдан Семейге, одан Аягөз және Қапал арқылы Верный бекінісінің негізі қаланып жатқан Іле Алатауында жатқан болатын. Қайтар жолда Шоқан Гасфортпен Алтынемел жотасына дейін ғана еріп келді. Өз бетімен Жетісу және Тарбағатайға саяхатқа аттанып, одан кейін Орталық Қазақстан және Қарқаралы. Көкшетау және Баянауыл арқылы Омбыға қайтып оралды.
Кейінгі екі жылда Ыстықкөл мен Жоңғарияға зерттеу мақсатымен сапар шекті. Осы сапарлар барысында ол өлкенің тарихын, географиясын, халықтардың ауыз әдебиетін зертеумен айналысты. Осы сапарлар барысында жинақталған қазақ және қырғыз халықтарының мәдениеті туралы материалдар Шоқанға үлкен дәлділікпен Орталық Азия халықтарының өткендегі рухани байлығын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қазақтар мен қырғыздардың аңыздары осы халықтардың рухани байлығының, ежелден келе жатқан ауыз әдебиетінің дәлелі, сондай-ақ европоцентризмнің көшпенді халықтарда тарих пен мәдениеттің болмағандығы туралы теріс пікірлерін жоққа шығарады. Шоқан үлкен қызығушылықпен қазақтардың халық өнерінің үлгілерін жазып отырған. Оның 1855-1857 жылдары жиналған атақты «Қырғыз-қайсақтардың Үлкен ордасы туралы», «ХVІІІ ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы», «Қырғыздардың көші туралы», «Қырғыздар шежіресі», «Қырғыз-қайсақ молалары және жалпы көнелілік туралы», «Абылай туралы өлең», «Жоңғария очерктері» еңбектерінде, қазақ халқының тарихы, материалдық және рухани мәдениеті туралы терең зерттеулер болып табылады. Бұл зерттеулердің қазақтардың этнографиясына қатысты маңыздылығына байланысты құндылығын айтып жеткізу қиын, олар қазіргі кезде үлкен сұраныста.
1856 жылы жазылған Баян ауыл округі туралы мақалада Ш.Уәлиханов қазақ қоғамының әлеуметтік құрамы туралы ғылыми негізделген анализ береді. «Уәлидің өлімінен кейін,– деп жазады ол ханның дәрежесі жойылды және жалпы империялық губерниялық басқаруға қолданылған 1822 жылы қазақтарды басқару үшін сібірлік мекеме ашылды, сонымен бірге Омбы облысы қаланды, оның құрамына өзінің басқармаларымен, приказдарымен округтерге бөлінген Ортаңғы Орда кірді. Приказдарымен округтер келесі кезекпен құрылды: 1824 жылы Қарқаралы және Көкшетау приказдары ашылды, 1831 жылы – Аягөз, 1832 жылы – Ақмола және 22 тамызда 1833 жылы – Баянауыл; содан кейін тағы да екі округ қаланды: Құсмұрын 1834 жылы және 1844 Көкпекті». «Үкіметтік бөлінуден басқа, – деп атап өтті ғалым, – қазақтарда рулық бөлініс те бар… Қазақтардың үшінші бөлінісі – бұл әлеуметтік бөлініс: ақсүйек және қарасүйек. Ақсүйекті тек сұлтандар ғана құрайды, моңғолдардың ұрпақтары, қырғыз даласын жаулап алғандар, өздерін Жошының ұлдары Тоқай – Темірден, Шыңғыстың немересінен бастайды. Сұлтандар пайда болғанға дейін қазақтардың рулық князьдары билер болған, құрметті тайпалардың ру басшылары және рудың үлкен өкілдері».
Шоқан Уәлихановтың шексіз еңбек сіңіргені 1856 жылы подполковник М.М.Хоментовскийдің басшылығымен ұйымдастырылған әскери-барлау және ғылыми экспедицияға қатысуы еді. Ол Қырғызстанның географиясын, қырғыз халқының этнографиясын зерттеп, осы елді Ресей империясының құрамына енгізу мүмкіншілігі мақсатында ұйымдастырылған еді. «Екі айға созылған экспедиция көлдің солтүстік шығыс бөліктерін байқап (Ыстық көл – Қ.А.) Ақсу және Зауки өзендеріне және жергілікті жердің жобасын, екі версттік масштабтағы көлемін түсіруге үлгерді. Біз осы экспедицияға қатысу құрметіне ие болдық, – деп жазды Ш.Уәлиханов және екі ай бойы жабайы тасты қырғыздардың арасында бола отыра, әртүрлі жақсы мәліметтер жинауға үлгердік, көбіне олардың аңыздары мен тілдерін зерттедік».
Орта Азияға саяхат кезінде жиналған материалдар негізінде ғалым кейіннен қырғыз халқының этнографиясы туралы бірнеше еңбектер жариялады. Бұл мынадай еңбектер еді «Ыстық көл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері». «Қырғыздар туралы» «Қырғыздар туралы жазбаларда» Шоқан жазады: «Жабайы тасты қырғыздар өз өздерін «қырғыздармыз» деп атайды және осы атаумен барлық ортаазиялық мұсылмандар арасында танымал… Жабайы тасты, тастың артындағы эпитеттерін оларға орыстар қырғыз-қайсақтардан айыру үшін берген, сондай-ақ, орфографиялық құрамын, олардың жер ерекшеліктерін сипаттайды. Қытайлықтар туземдіктердің ешқандай қатысуынсыз, оларға еш белгісіз бурут деген атауларды тағайындайды және шығыс және батыс буруттар болып бөледі». Ыстық көлге сапар кезінде ол қырғыз эпосы «Манасты» жазып алды. Осы халық өнерінің үлгісін сипаттай келе Шоқан былай деп жазады: «Манас» – бұл энциклопедия, барлық ертегілер, аңыздар, географиялық, діни, саналылық танымның және халықтың адамгершілік ұғымының біріктірілген тұтастығы жиналған, соның барлығы бір ғана батыр Манас бет әлпеті маңында топтастырылған. «Манас» – тұтас халықтың шығармасы, оның жемісі көптеген жылдар бойы пісіп жетілген, – халық эпосы, бұл дала Илиадасы сияқты».
1856 жылы Уәлиханов қызметтегі ерекшелігі үшін поручик шеніне көтеріліп, Владимир лентасындағы қола медальмен марапатталды. 27 ақпанда 1857 жылы П.П. Семенов-Тянь-Шаньскийдің және академик Е.И.Ламанскийдің нұсқауларымен Уәлиханов Ресей географиялық қоғамының (РГО) мүшесі болып қабылданды. Бұл Шоқанның география ғылымына қосқан үлкен үлесін мойындау еді.
ХІХ ғасырдын екінші жартысында Ресейдің үкімет басындағыларында көршілес азиат елдеріне деген қызығушылық күшейді. Сонымен қатар, бұл экономикалық жағдайлармен де негізделді. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, капитализмнің кең дамуы өнімдерді шығарудың жаңа нарығын игеруді, соның ішінде, сол замандағы ең тиімді Шығыс Түркістан сияқты аймақтарды іздестіруге әкелді. Осы саяси сипаттағы жағдайлар еуропалықтарға жат ел туралы шынайы мәліметтерді жинау қажеттілігінен туындады. Шоқан Уәлиханов өзінің «Жоңғар очерктері» атты еңбегінде былай деп жазды: «Орта Азия алдында әлі де бір құпия перде ілініп тұрды. Екі құдыретті еуропалық державалардың, Ресей мен Англияның жақын көршілестігіне қарамастан, оның көпшілік бөлігі көп жағынан еуропалық ғылымға қол жеткіліксіз. Қоғамдағы біздің ғылыми жолдасымыз П.П.Семенов, Орталық Азия ішкі Африкадан аса зерттелген жоқ деген қорытындыға келді».
Құлжаға сапардан қызмет орнына қайтып келген соң, Шоқан Гасфорт «сарайының» маңындағы өсек, жала жабу сияқты кикілжіңдерге соқтығысып, қоғамға деген пайда әкелетін еңбек істеуден құштарлықтарды жойды. Бұл ауыр күйзелісін Шоқан Уәлиханов Ф.М.Достоевскийге 1856 жылғы 5 желтоқсандағы жазған бір хатында былай келтіреді: «Омбы өзінің өсектерімен және кикілжіңдерімен өте жек көрінішті, – деп жазады Шоқан, – мен оны тастап кетуді ойластырып жүрмін. Сіз қалай ойлайсыз, қандай ақыл бересіз, Федор Михайлович, қалай оны жақсылап ұйымдастыруға болады».
Жауап ретінде Достоевский үлкен жылулықпен және сүйіспеншілікпен оған Омбыдан кетуден және ғылыммен айналысуды тастамауға ақыл-кеңес береді. Қазақ ғалымына арналған ұлы орыс жазушысының хаты, негізінде ғылыми қызметтің бағдарламасы, оның кезеңдері және жүзеге асырудың мүмкін әдістері болып табылады. «Айналысуды тастамаңыз – деп жазады Достоевский. – Сізде материалдар бар. Дала туралы мақала жазыңыз. Сізге Омбыда да, Петербургте де назар аударды. Сізде бар материалдармен ерекше географиялық қоғамды қызықтырушы едіңіз». Ол өзінің досына Ресейге, кейіннен шетелге оқуға баруға ақыл береді. «18 жылдан соң сіз өзіңіздің тағдырыңызды Отаныңызға ерекше пайда әкелумен орната аласыз. Мысалы, өздеріңізден шыққан алғашқылардың бірі болып Ресейде Дала туралы, оның маңызы және Ресейге қатысты сіздің халқыңыз туралы жазу, бір мезгілде орыстарда ағартушы ретінде Отаныңызға қызмет ету ұлы мақсат, ұлы іс болып табылмай ма. Сіз еуропалық білім алған алғашқы қырғыз (қазақ – К.А.)екеніңізді еске алыңыз. Тағдыр Сізді кең жүрек берген тамаша адам қылып жаратқан… Құдай Сізге бақыт берсін». Ф.М. Достоевскийдің ақылдары мен нұсқаулары Ш. Уәлихановты өзінің ғылыми- зерттеулерін жалғастыру ойларын бекітті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар