Ақмола облыстық білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология» орталығы арасында «Экологиялық соқпақ» облыстық байқауын қашықтықтан өткізді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Табиғат бесігі» кіші жобасын жүзеге асыру аясында өткізілген байқау балалар мен жасөспірімдерді азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеуге және экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттауға арналды. Бұл шараға елу шақты оқушы қатысып, өз аймағында экологиялық экспедиция өткізді. Экологиялық карта жасап, жергілікті жерде әзірленген бағыт бойынша экологиялық соқпақтан өтіп, оны плакатқа шартты белгілермен белгіледі. Сондай-ақ флора мен фаунаның бақылаулары мен зерттеулерін жүргізді. Жергілікті жерлердегі экологиялық ереже бұзушылықтарды, дәрілік өсімдіктерден «Жасыл дәріхананы» жинады. Экологиялық есепте өңірдің экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріп, осы зерттеуге өзінің практикалық үлесін көрсетті. Қашықтықтан өткізілген облыстық байқаудың қорытындысында бірінші орынды Біржан сал ауданы орталығындағы №1 және №2 Абай атындағы орта мектеп жеңіп алды. Шаңтөбе кентіндегі В.Комаров атындағы орта мектеп пен Целиноград ауданындағы Қоянды орта мектебі екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті. Барлық қатысушылар мен жетекшілерге сертификат берілді. Жеңімпаз оқушылар орталықтың Алғыс хатымен марапатталды. Оларды дайындаған педагогтарға Ақмола облыстық білім басқармасының Алғыс хаттары табыс етілді. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетіне қатысады.
Боранбай КӨМЕКЕЙ.