Әл-Фараби математика ғылымы туралы

Ғылымдарды жіктеу барысында ұлы ойшыл математикаға ерекше көңіл бөледі. Әл-Фарабидің ойынша математика ғылымы /әл-Та’алим/ жеті бөлімнен тұрады: арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, динамика, механика.

Бұл бөлімдер табиғи ерекшеліктеріне байланысты теоретикалық және тәжірибелік деп тағы да бөлшектенеді. Жұлдыздар туралы ғылымды Әл-Фараби астрология мен астрономия деп екіге бөледі. Мысалы Әл-Фараби астрономияны астрология /ілім адкам әл-нуим/ және математикалық астрономия деп екіге бөледі. Астрология туралы елеулі ескертпелерін «Астрологиядан шыққан ақиқат және жалған түйіндер» атты трактатынан таба аламыз. Бұл еңбегінде автор өткенді тану, қазіргі жағдайды қадағалау, я болмаса болашақты болжау мақсатындағы планеталардың қызметін зерттеген. Оған қоса ойшыл астрологтардың болжамдары үнемі ақиқат бола бермейді, әлемдегі құбылыстар кейде кездейсоқ себептермен де өзгерістерге ұшырай беретіндігін басып айтады.
Ойшыл математиканың құрамдас бөлшегі ретіндегі арифметиканың маңыздылығына ерекше мән берген. Арифметикалық ғылымның мәні алғашқы күйінде материалды субстанцияның бір мезгілде бір және көп, бөліну және бөліктерге ие болу қабілеттілігіне себептелген. Арифметиканың сол арқылы тек төрт арифметикалық амалдарға (қосу, алу, көбейту, бөлу) келіп тірелмейтіндігі байқалады, бірақ ол біршама әрі қарай, болмыстың онтологиялық категорияларына сай мынадай сұрақтарға жауап беруге міндетті: «сандар қалай алынды, олар қайдан пайда болды және қалай көбейіп келеді, олар арқылы ол болмысқа ие болған, мүмкіндіктен шындыққа, бейболмыстан болмысқа өткен себептер қандай болды. Басқа кейбір ғылымдарға ұқсас, арифметика Әл-Фараби жүйесінде тек қана метафизикаға емес, оның тарихына да апаратын дәнекер буын болып шығады. Оны қарастыруда Екінші Ұстаз қоятын мәселелерді ойластырудың көп ғасырлық тарихи қойнауына кететін және оны жасаушылардың есімдерімен: Парменид пен Зенон Пифагор мен Эмподокл, Левкипп пен Демокрит, Платон мен Аристотель сияқты алдыңғы қатарлы ойшылдардың философиялық жүйелерінде ұсталып тұрған, принципті қағидалармен қатысты, терең тамырлары бар. Сонымен бірге, Әл-Фараби арифметикадан кейін келетін геометрияны өлшемдер туралы ғылым саласында анықтап және оны бөліктерге бөліну сияқты субстанцияның басқа қабілетінен шығарады. Осының түсінігін ол «арифметикалық» акциденциямен байланыстырады, мұның арқасында фигураларды немесе өлшемдер туралы ғылымда, яғни, геометрияда зерттелуге тиіс болатын заттардың материалды формаларын өзінде ұстап тұрады. Және дәл субстаңцияның қозғалысқа және үн қатуға деген қабілетінен Әл-Фараби, математика ғылымдарына қосатын және музыкалы ғылымдар деп атайтын астрономия мен музыканы тұжырымдап шығады.
Математиканың құрамдас бөлімі геометрияға ойшыл: «Геометрия екі ғылымды біріктіреді, біріншісі – практикалық геометрия, екіншісі – теориялық геометрия» – деп қорытынды жасайды. Практикалық геометрия сызықтар мен беттерді ағаш ұстасы, темірші, тас қалаушы, жер өлшеушілердің ыңғайына лайық ағаш, темір, тас денелердің бетінде немесе жер бетінде қарастырады. Теориялық геометрия сызықтары мен жазықтарды абсолют мағынада барлық денелерге ортақ мағынада қарастырады. Мәселен теоретик сызықты денеден тыс бөліп елестетеді. Осы сияқты ол жазықтарды, квадратты, дөңгелек, ұшбұрышты жалпы түрде, олардың заты мен сезіп түсінуге болатын жақтарына қатыссыз  абсолют мағынада қарастырады. Ол геометриялық денені ағаш, кірпіш немесе темір түрінде емес, жалпы түрде елестетеді.
Бұл ғылым барлық математикалық ғылымдарға қатысты болады. Геометрия ғылымы сызықтар мен жазықтарды және геометриялық денелерді екіге бөліп қарастырады. Бұл ғылымды отырарлық ойшыл материалистік тұрғыда түсінген. Оның ойынша геометриялық фигуралардың барлығы жоқтан бар болған дүние емес, оның барлығы күнделікті тұрмыста кездесетін нысандардың бейнесі, абстракциясы. Фарабилік теориялардың барлығы ақиқат, ойшыл нұсқаған бағыт өзінен кейінгі зерттеушілерге тиімді болған геометриядағы түбегейлі бетбұрыс деп айта аламыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар