Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өз диаспорасына көмек әкелді - АРҚА АЖАРЫ

Өз диаспорасына көмек әкелді

Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевич өткен бейсенбі күні облыс орталығында ресми сапармен болды.

Сапар барысында елші Көкшетаудағы «Достық» үйінде болып, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілерімен сөйлесіп, облысымызда тұратын этностардың мәдениетімен танысты және поляк диаспорасымен кездесті. Өз сөзінде Селим Хазбиевич қонақжайлықпен қарсы алған «Достық» үйінің басшылығына алғыс білдіріп, облыс орталығына ресми сапармен келудегі басты мақсаты COVID-19 вирусы таралып жатқан кезеңде осында тұратын поляктарға гуманитарлық көмек көрсету екенін айтты.
Польшаның бірқатар ұйымдарының қолдауымен Польша Республикасының Қазақстандағы Елшілігі әкелген гуманитарлық көмек, атап айтсақ, азық түлік және вирустан қорғану құралдары, дәрі-дәрмек облысымызда тұратын 20 поляк отбасына таратылмақшы. Сонымен қатар, биыл бірінші сыныпқа барған поляк бүлдіршіндеріне де Елшіліктің тартуы бар екенін айтты Ақмола облысы поляктар бірлестігінің төрайымы Наталья Нагачевская.
–Бүгінде Польша да күрделі эпидемиологиялық жағдайды бастан кешуде. Соған қарамастан, поляк халқы шетте жүрген қандастарын ұмытпай, пандемиямен күресте қол ұшын беруге тырысуда. Осы ретте, біздің этникалық топтарды қолдап, поляк диаспорасымен араласуға, бір-біріміздің мәдениетімізбен бөлісуге, бірге қызмет істеуге жағдай жасап отырған Қазақстан билігіне ризашылығымды білдіремін, – деді Қазақстан поляктары одағының төрайымы Екатерина Островская.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар