Санитарлық бекеттерден өткенде…

Ағымдағы жылдың 13 қарашасынан бастап, санитарлық бекеттер арқылы біздің облыс аумағына өткісі келетін өзге облыстардың тұрғындарынан міндетті түрде ПТР тестінің нәтижесі талап етіледі.

Облыс орталығының жан-жағынан алты санитарлық бекет іске қосылды. Онда бекеттен өтушілердің дене қызуы өлшеніп, сауалнамалар жүргізіледі. Ыстығы көтеріліп, індет белгілері байқалған адамдар бірден жедел жәрдем қызметіне тапсырылады. Қазіргі уақытта індетке шалдыққан, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың тізімдері жүргізіліп, бір базаға енгізілуде. Егер санитарлық бекеттен өткен кезде жолаушылардың аты-жөндерін немесе ЖСН-ін сол дерекқорға енгізгенде, олардың карантинге жатқызылғандығы немесе індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандығы анықталса, ол адамдар бірден кері қайтарылады. Себебі, оларға мүлдем далаға шығуға болмайды. Және оларға мұндай жағдайда тиісті шаралар қолданылады, – деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.
Облыс ішіндегі көлік қозғалысы тоқтамайды. Аймақ тұрғындары емін-еркін өздерінің жеке көліктерімен жүріп тұруларына болады. Тек әркім санитарлық талаптарды сақтап, жеке гигиенаға назар аударғандары абзал.
Қаланың аумағында әзірге блокбекеттер қойылмайды. Егер жағдай қиындап, облыста коронавирус пандемиясының таралу деңгейі қызыл аймаққа өтсе, онда міндетте түрде карантин одан әрі қатаңдатылып, блокбекеттер орнатылады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар