Құс шаруашылығының озат үлгісі

Облыстағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Макинск құс фабрикасы» серіктестігі. Кәсіпорын жылына 25 мың тонна құс етін өндіреді. Жақын арада өнімділік екі есе артып, 50 мың тоннаны құрайтын болады. Екінші кезекті іске қосқаннан ке­йін кә­сіп­о­рынның қуаты құс етіне деген іш­кі нарықтың қажеттілігін 15 про­центке дейін қанағаттандыруға мүмкін­дік береді.

Мұның өзі ең алдымен, Астана қаласының сауда сөрелерін сапалы құс етімен және жұмыртқамен қамтуға мүмкіндік береді. Әрі Макинск қаласындағы жұмыссыздықты жоюға да оң әсері болмақ. Себебі, екінші кезекті іске қосқанда фабрика тағы 500 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп жоспарлануда. Нәтижесінде мұнда 1400 адам жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, фабрика импорттық азық-түлік тауарларын ығыстырып, отандық өнім көлемін көбейтуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның шығаратын негізгі өнімі – тоңазытылған бройлер еті. Фабриканың бірінші кезеңінде тоғыз өн­дірістік алаң іске қосылды. Онда әр­қай­сы­сында он екі құс қорасы бар төрт брой­лер­лік инкубатор, құс етін өңдеу зауыты, қал­дық­тарды қордаландыру желісі, қосал­­қы алаң, жемшөп өңдеу цехы бар. Мұнда құстарды суаруға және тамақтандыруға, сондай-ақ, қажетті микроклиматты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін голландиялық инкубациялық құрылғылар орнатылған. Айта кету керек, кәсіпорында Германия, Дания және Франциядан әкелінген жабдықтар орнатылған. Фабрика өнімі халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған.
Жақын арада жоспарға сәйкес өнімділікті екі есе арттырып, қуаттылықты 50 мың тоннаға жеткізу үшін екінші кезеңді іске қосу көзделген. Осы мақсатта зауыт аумағында бройлерлерді өсіру үшін төрт алаң салынды. Аталмыш алаңдарда құс өсіретін 48 корпус орналасатын болады. Оның біреуінің аумағы 2 мың шаршы метр. Төрт құс өсіру алаңынан басқа, инкубатордың, құрамажем зауытының, құс етін сою және өңдеу зауытының өндірістік қуатын ұлғайту көзделуде.
Құсты бордақылау технологиясы құсты ұстауға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, құс басын сапалы, негізгі көрсеткіштер бойынша теңдестірілген құрама жеммен қамтамасыз ету тұрғысынан барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Жақын арада жаңа алаңдардағы инкубаторға инкубациялық жұмыртқа салу жоспарланып отыр. Жыл соңына қарай жаңа өндірістік корпустардан құс етінің қосымша көлемі шығарылады.
Стратегиялық жоспарда 2023 жылы қуаттылығы жылына 100 000 тонна құс етін құрайтын Макинск құс фабрикасының үшінші кезегін пайдалануға беру көзделген. Кәсіпорын осы саланы дамытуға жаңа сапалы өзгерістер енгізеді деп күтілуде.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар