Тәуелсіздік тарихы тереңде

Тарихы тереңде жатқан еліміз жаңа заманда өз алдына жеке егеменді ел болған күн – ол әрине, Тәуелсіздік күні! Биылғы жылы тәуелсіздігіміздің 29 жылдығы біздің балабақшаның 10 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр екен.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында Көкшетау қаласындағы №4 «Еркемай» балабақшасының №6 «Қамажай» мектеп алды даярлық тобы да бұл күнге арнап тақырыптық сабақ өткізді. Іс-шара қазіргі жер бетінде болып жатқан жағдайға байланысты, барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілді.
Тақырыптық сабақтың басты мақсаты – балаларды Тәуелсіздік тарихымен таныстыру, осы Тәуелсіздік тұғыры мен егемендікті алу үшін қандай азаматтардың ерен еңбегі сінгенін түсіндіру болатын. Іс-шара балалардың тақырыпқа байланысты тақпақтар айтып, ән салуларымен жалғасты.
Бүгінгі танда әр қазақ баласына, балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларына, жалпы, өскелең ұрпаққа саналы білім берумен қатар, мемлекетіміздің атаулы күндері туралы, олардың мағынасы мен мәнін ерекше түсіндіруміз керек. Елімізді қастерлеп құрметтеуді, оған қамқорлық көрсетуді балабақшадан бастап үйретуіміз қажет. Себебі, болашақ – жас ұрпақтың қолында. Оларға мағыналы тәрбие беруді ұмытпайық.
Өйткені, жас кезінде берген мағыналы тәрбие ғана жас ұрпақтың үлкендерді тыңдайтың, ақылы мол, елгезек те мақсатшыл бала болып өсуіне ықпал жасайды. Ал, бұл ертеңгі күні жастарымыздың ел тізгінін қолдарында бекем ұстауының кепілі. Біздің балабақшада шамамыз келгенше, кішкентай бүлдіршіндерге осындай саналы тәрбие беруге ұмтылыс танытудамыз. Ал, бұл өз кезегінде тиісті жемісін беретіндігіне сенім мол.
Салидат ӘБІЛҒАЗИНА,
Көкшетау қаласындағы №4 «Еркемай» балабақшасының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар