Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
762 мың қазақстандық зейнетақы қорынан ақша алады - АРҚА АЖАРЫ

762 мың қазақстандық зейнетақы қорынан ақша алады

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, биылғы жылдан бастап еліміздің азаматтары зейнетақы қорына жинақталған ақшаларының бір бөлігін алып, басқа мақсаттарға пайдалана алады.

Ол үшін жинақталған ақша көлемі белгіленген мөлшерден артық болуы тиіс.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2021 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметіне сәйкес, жалпы саны 762 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуларына болады. Оларға жалпы көлемі 2,4 триллион теңге төленуі тиіс.
Олардың арасында Алматы (70 700), Нұр-Сұлтан (94 700), Қарағанды облысы(77 500), Маңғыстау (64 300), Атырау (58 300), Шығыс Қазақстан облысы (49 400), Ақтөбе (42 400), Павлодар (38 600), Шымкент (29 800) көш бастап тұр. Қалған өңірлер бойынша, Қостанайда – 26 400 салымшы, Батыс Қазақстан облысында – 25 400, Алматы облысында – 20 900, Қызылордада – 17 400, Ақмолада – 17 040, Жамбылда – 15 900, Солтүстік Қазақстан облысы – 11 800 және Түркістан облысында – 1 200 адам зейнетақы жинағының артылған сомасын ала алады.
Төлем сомасы жағынан да Алматы қаласы (656,2 миллиард теңге), Маңғыстау (382,1 миллиард теңге) және Нұр-Сұлтан (326, 97 миллиард теңге) алда тұр. Одан кейін Атырау (252,3 миллиард теңге), Қарағанды облысы (182,9 миллиард теңге), Батыс Қазақстан облысы (102,4 миллиард теңге), Ақтөбе (101,2 миллиард теңге), Шығыс Қазақстан облысы (97,5 миллиард теңге), Павлодар (74,01 миллиард теңге), Шымкент (61,5 миллиард теңге), Қостанай облысы (47,5 миллиард теңге), Қызылорда (41,3 миллиард теңге) жайғасқан. Соңғы орындарда Алматы облысы (38,4 миллиард теңге), Ақмола (29,3 миллиард теңге), Жамбыл (28,6 миллиард теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (20,1 миллиард теңге) және Түркістан (2,5 миллиард теңге) орналасқан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар