Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сиыр жылында сиыр туралы - АРҚА АЖАРЫ

Сиыр жылында сиыр туралы

Бұл жануарды ересектер де, балалар да біледі. Сиыр – адамзат үшін қиын кезеңдерде үлкен рөл атқарды. Сондықтан, біз үй жануарына ризашылық білдіруіміз керек.

Сиыр – 8 мың жыл бұрын қолға үйретілді.
Ең ауыр сиырдың салмағы – 2 тоннадан асқан.
Сиыр сүтіндегі ақуыз (белок) – адам ағзасындағы таксиндерді шығаруға көмектеседі.
Сүтқоректілердің жалпы саны – 103 миллиард.
Сиырдың бұзаулау мерзімі адамдармен бірдей – 9 ай.
Мұрнының іздері, адамның саусақ іздері сияқты бірегей.
Сиыр өмірінде 200 мың стақан сүт береді.
Ежелде сиырлардың саны бойынша, адамның байлығы өлшенген. Сиыр ақшаның орнына баланған.
Ең ұзақ өмір сүрген сиырдың жасы – 48 жыл.
Сиырдың тезегі медицинада, құрылыста және отын ретінде қолданылады.
Аргентина – сиыр етін өндіретін көшбасшы мемлекет.
Сүттің дәмі, сиырдың немен қоректенгендігіне байланысты.
Сиыр түстерді ажырата алмайды.
Африкада «патшадан кейін, сиыр маңызды» деген мәтел бар екен.
Үндістер үшін ең қасиетті жануар – сиыр. Оны өлтіргендер түрмеге қамалады.
Ал, Куба елінде осындай қылмыс үшін өлім жазасына кесілу мүмкіндігі жоғары.
Сүт беретін сиырлар, бір күнде шамамен 150 литр су ішеді.
Сиыр да ит сияқты өз есімін жаттап алады.
Сиыр өзіне ұнаған кісіні жалайтын әдеті бар.
Әлемде ірі қара малдың 100-ден астам тұқымы бар.
Сиыр – басын артқа бұрмай-ақ, 330 º айналаны көріп тұрады.
Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар