Қосымша білім беру жүйесінің үздіктері анықталды

Облыстық «Үздік қосымша білім беру педагогы» байқауы өтті. Іс-шара қосымша білім беру жүйесінің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарының шеберлігін арттыруға және ынталандыруға бағытталған.

Байқау барысында материалдарын ұсынған 17 үміткердің жұмыстарынан олардың кәсіби шеберліктері, шығармашылық ізденістерінің ерекшелігі, жалпы педагогикалық практиканы білу және қосымша білім беру жүйесіндегі сыныптан тыс жұмыстарды оқыту әдістемесін меңгеру деңгейлері анық байқалып тұрды.

–Сайысқа қатысушылар «Менің кәсіби ұстанымым» атты өзін-өзі таныстыру кезеңін портфолиоларымен толықтыра отырып, шебер көрсете алды. Ал, «Менің қосымша білім беру құралдары арқылы оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға көзқарасым» тақырыбында жазған эсселері де қатысушылардың педагогикалық тұрғыдан әбден маманданған, дағдылары қалыптасқан білікті мамандар екендігін дәлелдей түсті, – дейді ұйымдастырушылар алқасы.

Облыстық байқау қорытындысы бойынша бас  жүлдені  Щучинск қалалық балалар өнер мектебінің педагогы Евгения Бахмат жеңіп алды. Жүлделі бірінші орынды Степногорск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының маманы Кирилл Пищулин қанжығасына байласа, екінші орынды Шортанды ауданы Научный кентінің балалар мен жасөспірімдер шығармашылық  орталығының оқытушысы Тұрысхан Макер иеленді, ал, үшінші орынды Аршалы кентінің балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының педагогы Наталья Коростелева қанағат тұтты.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары Ақмола облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды.
Ы.ШАМШИЕВА.

Суретте: Щучинск қалалық балалар өнер мектебінің педагогы Евгения Бахмат.

 229 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар