Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атаулы әлеуметтік көмек портал арқылы тағайындалады - АРҚА АЖАРЫ

Атаулы әлеуметтік көмек портал арқылы тағайындалады

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Электрондық үкімет» порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдауға қатысты хабарлама жасайды.

Ағымдағы жылдың сәуір айының бірінші онкүндігіндегі ақпараттық жүйелердің деректеріне сәйкес, біздің облыс бойынша «Электрондық үкімет» порталы арқылы АӘК-ні тағайындауға келіп түскен өтініштің саны 348-ді құраған. Оның ішінде 28 өтініш электрондық тіркеусіз қайтарылған. Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина:

– Қайтарылған өтініштерде олардың міндетті зейнетақы жарналары жоқ. Екіншіден, жан басына шыққандағы орташа табыстың асып кетуі мен құжаттар пакетінің толық еместігі себеп болып отыр. Сондықтан, бұл «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы
№320 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» қағидаларының 11-тармағына қайшы келеді, – деп түсіндіреді.

Сондай-ақ, мұндай олқылықтар Шортанды, Бұланды, Аршалы, Атбасар, Есіл, Жарқайың, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласында да ерекше байқалады екен. Осыған орай, өтініштерді тіркеу құжаттар келіп түскен сәттен бастап, «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Оған яғни, өтініш беруші және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді жинау (дербес мәліметтер, санаты, банктік шот, тұратын мекенжайы, кірістері туралы мәліметтер және т.б.) әлеуметтік келісім-шарттың алдын ала шартымен танысу, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы бар өтінішті қалыптастыру кіреді. Оған қоса, барлық кемшіліктерді дербес пысықтау қажет.

Осындай жоғарыда көрсетілген рәсімдерден кейін ғана 15 күн ішінде электрондық өтініш әлеуметтік көмекті тағайындауға немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдауға жіберіледі. Портал арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау алда да жалғасатын болады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар