Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік тіл сот жүйесінде күш алып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік тіл сот жүйесінде күш алып келеді

Қазақстанды дамыған, өркениетті отыз елдің қатарына қосатын біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің  намысын жоғары ұстап, оны әлемге таныта білу. Бұл үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы – қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп  жатқан қазақтардың ұлттық тілі.

Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал, тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүниежүзіндегі ауызша  және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, тілін білуге міндетті.

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы  мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән-мағына да болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуі қажет. Ал, бізде өкінішке орай, бұл ретте олқылықтар аз емес.

Тіл – халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен, тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында сот жүйесінде үлкен шаралар өткізілуде. Іс-қағаздарын қазақша жүргізу – пән ретінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқытыла бастады. Болашақ мамандық иелерін іс-қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, олардың қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету басты назарда болуы керек. Қазақстанды – Отаным, елім дейтін әрбір адам үшін бұл бұлжымас парыз.

Әсем ИСАҚОВА,
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы,
сот отырысының хатшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар