Облыстың 49403 тұрғыны COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина айтты.

Оның айтуынша, облыста коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда. Вакциналауды жүргізу үшін өңірде 86 егу пункті жұмыс істейде. Бұдан бөлек, ұйымдастырылған ұжымдарда және ауылдық елді мекендерде вакциналауды жүргізу үшін егу бригадалары бар.

«Облыс бойынша барлығы 26 көшпелі мобильді егу бригадасы бар, олардың 7-і қалаларда және 19-ы ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Шалғай елді мекендер үшін келіп түсетін вакцина көлемінің ұлғаюына байланысты жылжымалы медициналық кешендер іске қосылады, олардың сан облыста – 11»,  – деді Айнагүл Мусина.

Сонымен бірге, ол облыс орталығындағы халық көп жиналатын орындар «РИО», «ЦУМ», «Кристалл», «Мечта» сауда орталықтары және Науан Хазірет атындағы орталық егу пункттері ашылғанын айтты.

«Егу пункттері мен егу бригадалары тоңазытқыш жабдықтарымен қамтамасыз етілген, «салқындату тізбегінің» сақталуына тұрақты бақылау жүргізіледі. Қазіргі кезде облыста 49403 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін,  11317 адам екінші компонентін алды»,  – деп қосты Айнагүл Мусина.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар