Бурабайда ұлттық спорт ойындарының жарысы өтуде

Бурабай ауданындағы «Ботакөз» демалыс үйінің базасында «Ұлттық мектеп лигасы» спорт жарыстарының ашылу рәсімі өтті. Іс-шара ұлттық «тоғызқұмалақ» ойынымен басталды. Мамырдың 3-7 күндері тоғызқұмалақ ойыны бойынша еліміздің 13 өңірінен келген 150-ден астам оқушы бақ сынайды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Ұлттық мектеп лига жарыстарының негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Лига жарыстары барысында жасөспірімдер арасында командалық рух қалыптастыру және ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде қоғам өміріне белсене атсалысатын лидер, көшбасшыларды топтастыру.

Жалпы, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК 2021 жылға арналған республикалық спорт және дене шынықтыру бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша Көкшетау қаласында (асық ату, бес асық 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар арасында – 17-21 мамыр) және Щучинск қаласында (тоғызқұмалақ 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар арасында – 3-7 мамыр) жарыстары жоспарланып отыр.
Сайыс кезінде барлық карантин талаптары қатаң сақталады. Қатысушылардың бәрі ойындардың ережесі бойынша алдын-ала ПЦР-тест тапсырып келген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар