Егіншілік шаруашылығын әртараптандыру – уақыт талабы

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев көктемгі егістің алдында дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізіп, болашақ өнімге берік негіз қалау мәселелері бойынша аудан әкімдерімен және ауыл шаруа-шылығы құрылымдарының басшыларымен арнайы кеңес өткізді.

Облыс басшысы өз сөзінде биылғы жылы дәнді және бұршақ, майлы дақылдар мен көкөніс егісі алқабы көлемінің өткен жылмен салыстырғанда біршама өсетінін атап өтті.
– Өткен жылы астықтың мол жиналуы бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының, элеваторлар мен астық қабылдау орындарының астықты қабылдауды қамтамасыз етуге қабілетсіздігін көрсетті. Сондықтан да, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарда тек ауыл шаруашылығы өнеркәсіп кешенінің индустриалдық-инновациялық дамуына ғана көңіл бөліп қоймай, егіншілік саласын әртараптандыруға назар аудару қажет. Біздің облыс егін өсірудің тәуекелді аймағына жатады. Бұның өзі тек дәнді дақылдар өсіріп қоймай, майлы дақылдар мен картоп, көкөніс өсіруге де жете көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді. Сондай-ақ, ғалымдардың осы бағыттағы ғылыми негізделген ұсыныстары да ескерілмей жатады. Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған меморандумда майлы дақылдар алқабын кеңейту, өңдеуші саланы дамыту, егіншілік және мал шаруашылығын интенсивтендірудің басым бағыттары қарастырылған, – деді облыс басшысы.
Көктемгі дала жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы өткізуге байланысты атқарылатын жұмыстар мен міндеттер туралы облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов баяндады. Оның айтуынша, тұқым себу науқанын 20 күнде аяқтау жос-парланып отыр.
–Жоғары сұранысқа ие және бағасы да біршама жоғары қарақұмық, картоп, көкөніс дақылдарын өсіру тиімді. Оған қоса, бүгінде мемлекет тарапынан берілетін субсидия да аз емес. Өткен жылы егін және мал шаруашылығына мемлекет тарапынан 70 миллиард теңге көлемінде субсидия берілді, – деген облыс әкімі аталмыш дақылдарды өсіруге жете көңіл бөлу қажеттігіне назар аударды.
2020 жылы облысымыз пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне мониторинг жасау жөніндегі қанатқақты жобаға енген болатын. Облысымызда пайдаланылмай жатқан 3 миллион гектардай ауыл шаруашылығы жері анықталған. Оның 316,8 мың гектары егістік жерлер болса, 2,7 миллион гектары жайылым жерлер. Осыған орай, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, оны тиімді пайдалану мәселесін шешу қажет.
Кеңесте А.Бараев атындағы егін шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы басқармасының басшысы Нұрлан Серекпаев, «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының директоры Бақыт Мақажанова биылғы егіншілік жылын өткізудің ерекшеліктері мен ылғал қорына байланысты ой-пікірлерін білдірді.
Қалкөз ЖҮСІП,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар