Ортақ мәселелер бойынша түсіністікке қол жеткізілді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрайымы Гауһар Бөрібаеваны қабылдап, қаржы жетіспеушілігі болжамы және қосымша бюджеттік өтінім мәселелерін қарастырды.

Кездесуде биылғы жылы «Бизнестің Жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында Ақмола облысын субсидиялауға 2,9 миллиард теңге, кепілдендіруге 517,9 миллион теңге бөлінгені жөнінде айтылды. Қаржы жетіспеушілігіне байланысты биылғы жылы республикалық бюджеттен жобаларды субсидиялауға 1,374 миллиард теңге қосымша қаржы бөлінді. Сондай-ақ, бүгінгі күні жобалардың көптігі есепке алына отырып, «Бизнестің Жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға кәсіпкерлер тарапынан қаржы жетіспеушілігі болжануда. Осыған байланысты облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Даму» қорының өңірлік филиалымен бірге қаржы жетіспеушілігі болжамын есептейді және қосымша бюджеттік өтінім дайындайды. Басқарма төрайымы «Гормолзавод» серіктестігі тәрізді бірқатар кәсіпорындарды аралап көріп, қаржы жағдайымен танысқанын айтты.
– Қаржы мәселесін жақын арада шешеміз. Соңғы екі жылда бұл бағытта Ақмола облысының көрсеткіштері өсті. Бізге өтінім көптеп келуде. Республикалық бюджеттен қаржы күтудеміз. Қосымша бюджет жөнінде мәселе бар. Мамырдың соңында жаңа жоба бойынша жұмысты жандандырамыз. Пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге ақша бар. Қазір қаржыны жаңа жобаларға сұраудамыз. Бізді қолдауды өтінеміз,–деді Гауһар Бөрібаева. Облыс әкімі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын қолдайтынын, биылғы жылдың қыркүйегінде өтетін форумға дайындық жүргізіліп жатқанын айтты.
– Өңірде машина жасау саласы дамып келеді. Мәселен, жылына 600 «Джон Дир» комбайнын құрастыратын зауыт жұмыс істей бастады. Бұрын зауытта жылына 700-800 «КамАЗ» автокөлігі құрастырылса, бүгінгі күні оның саны 2 мыңға жетті. Туризм жөнінде мәселе жетерлік. Зеренді демалыс орындарын Щучинск-Бурабай курортты аймағына қосуды жоспарлап отырмыз,–деген облыс басшысы экономика саласындағы өзге де мәселелер жөнінде айтты.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар