Ерлік – ұрпаққа ұран, елге өнеге

Отан қорғаушы күні қарсаңында облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында бірқатар салтанатты шараларға қатысып, Қарулы Күштердің және құқық қорғау органдарының таңдаулы қызметкерлеріне марапаттар тапсырды, сондай-ақ, бір топ тыл еңбеккерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

Алдымен, облыстық тарихи-өлкетану музейінде үздік мектеп оқушыларын «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» өңірлік қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты жағдайда қабылдау рәсімі болып өтті. Өңір басшысы әр баланың мойнына галстук тағып, бұл ұйымның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтап, жасөспірімдерге сәттілік тіледі. Одан әрі өңір басшысы «Көкшетау» мәдениет сарайында әскери мансаптағы, ішкі істер органдарында қызмет істейтін әйелдермен әңгімелесті.


– Сіздер адамзаттың әдемі жартылысысыздар. Соған қарамастан, қиын да кәсіби жолда, жұмыс пен отбасындағы әйел мен ананың рөлдерін тепе-тең сақтауға, қиындықты жеңуге көп күш салып келесіздер. Бүгінгі күні облыста әскери қызметшілердің жалпы санының 13 пайызы әскери оқу орындарында, байланыс бөлімшелерінде, жеке құрамда, медициналық, тамақ қызметінде жемісті жұмыс істейтін әйелдер. Бүгінгі сіздермен болған күн ең жақсы кездесулердің бірі, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Ақмола облысы бойынша ПБЖ департаментінің пробация қызметін басқару бөлімінің аға инспекторы Асель Елубаева, анықтама дирекциясының ерекше маңызды мәселелері бойынша аға тергеушісі Ақмола облысы полиция департаментінің полиция подполковнигі Айсұлу Теміртасова өз еңбек жолдары туралы айтып берді.

Облыс әкімі, батылдық пен табандылыққа жетелейтін ел игілігі үшін қызмет етіп, заң күзетінде, бейбіт азаматтардың тыныштығын қорғайтын Отан қорғаушы күнімен құттықтап, мерекелік шараға қатысушыларға, ведомстволық наградалар мен облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті. Одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 55/10 әскери бөліміне арнайы барған Ермек Маржықпаевқа әскери-жауынгерлік міндеттерді орындауға арналған форманың, техниканың және қарудың үлгілері көрсетіліп, ондағы қызмет ету шарттары таныстырылды.

– Қазақстан – бейбіт мемлекет, бірақ өз тәуелсіздігін қорғай алу үшін оның мықты армиясы болуы керек. Сіздің алдарыңыздағы басты миссия – әр отбасының өмірін, тыныштығы мен сенімін қорғау, – деген өңір басшысы, әскери бөлімнің парадтық алаңын жаңартуға уәде беріп, Отан қорғаушы күніне орай, үздік әскерилерді Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Сол күні облыс әкімі Көкшетаудағы тыл еңбеккерлері әрі еңбек ардагерлері Қазыкен Айтқожина, Владимир Корябкин және Қазиз Бұзаукиннің үйлерінде болып, келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Қазыкен Жүсіпбекқызы Зеренді ауданы, Троицкое ауы-лында тұрып, жұмыс істеген. Оның қазіргі байлығы балалары. Ол 11 бала, 35 немере және 20 шөбере сүйіп отырған батыр ана. Ал, Владимир Дмитриевич 10 жыл бойы «Златопольский» кеңшарын басқарып, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ, 20 мамырда өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтетін. 12 жасынан бастап еңбекке араласқан. Әйелімен бірге олар сегіз баланы тәрбиелеген. Осының бәрі Ұлы Жеңістің де шапағаты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Аэлита ТАЕВА.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар