Тәуелсіздіктің 30 жылдығы орай, бір топ зеренділік жастар марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов республикалық және халықаралық деңгейде өңірді дәріптеп жүрген талантты жастар, тәуелсіздіктің құрдастары және іскер жастармен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбында кездесу өткізді.

Бүгінгі таңда өңірде 7 мыңнан астам жастар бар. Олардың арасында жас кәсіпкерлер, белсенділер, еріктілер көзге түсіп жүр. Ағымдағы жылы ауданның депутаттық корпусында ауданның екі жас бастамашыл тұрғындары ұсынылды. Бұл жоғары политехникалық колледждің оқытушысы Азамат Жанабаев пен баскетболдан спорт шебері, баскетболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Светлана Прокопьева.

Жалпы, аудан көптеген жас спортшылармен танымал. Спорт шебері, Қазақстан чемпионы, шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының мүшесі, Әлем чемпионаты мен Кубогына қатысушы Эльмира Мутагарова, шаңғы жарысы, қысқы көпсайыс және спорттық бағдарлау бойынша спорт шеберлігіне үміткер, экстремалды атлетикадан халықаралық жарыстардың қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарының, Ресей чемпионатының және спорттық бағдарлау бойынша халықаралық жарыстардың қатысушысы Юрий Чеховский ауданның мақтанышы болып саналады. Жас жігіт өзін Мемлекеттік қызмет саласында да сынап көруде, қазіргі кезде ол Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істейді.

Кездесуде жастар аудан әкіміне туризм, қысқы және спорт түрлерін дамыту бойынша сұрақтарын қойып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жалпы, халықтың спортқа деген қызығушылығы жоғары. Аудан халқының 40 пайызы спортпен белсенді айналысады.

Сонымен бірге, кездесуге ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасқан жас мамандар шақырылды.
Диплом алған мамандарды ынталандыру және тарту жұмыстары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқыдырысов жүзеге асырылуда. Ауданда бағдарлама 10 жыл бойы белсенді жүзеге асырылып келеді. Осы аралықта ауданға 500-ге жуық жас маман келді. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында өңірге келген жас мамандарға 115 көтерме жәрдемақы және 48 бюджеттік кредит берілетін болады.

Кездесу соңында қатысушыларға Алғыс хаттар және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы логотипі бар сағаттар тарту етілді.
«Біздің еліміздің жастары жастар жылында өз бастамаларын дамыту үшін бірегей мүмкіндік алды, еріктілер жылында ең батыл және ауқымды жоспарларды жүзеге асыру үшін тағы бір мүмкіндік берілді. Биылғы жыл-Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы.

Бұл-ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары армандаған қазақ мемлекеттілігінің жандануы мен бостандыққа қол жеткізуінің маңызды кезеңі. Бүгінгі таңда Сіздердің мемлекеттік қызметке орналасуға және алға жылжуға, өз істеріңізді ашуға және жүргізуге, өз бетінше білім алумен, ғылыммен, спортпен және шығармашылықпен табысты айналысуға нақты мүмкіндіктеріңіз бар. Жастар-біздің тәуелсіз еліміздің бүгіні, сіздер – оның жарқын болашағының кепілі!»,- деп атап өтті аудан әкімі Асен Жақсылықов.
Кездесу «Жасыл әлем» көгалдандыру акциясына ұласты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар