Хабар-ошарсыз кеткен СҚО тұрғыны Ақмола облысынан табылды

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Қорғалжын ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Солтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғынының орналасқан жерін анықтады. Полиция қызметкерлері жоғалған әйелге бағдар алды және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қоржынкөл ауылында болғанын анықтады.

Әйелдің айтуынша, ауылға ол өзінің таныстарының ұсынысы бойынша, жергілікті ЖШС жұмысқа орналасу мақсатында, аспаз ретінде келген. Ол полиция қызметкерлеріне осы кәсіпорындағы жалақы деңгейіне риза екенін айтты.

Бұған дейін, 20 мамырда Петропавл қаласының полициясына жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға жәрдемдесу туралы өтінішпен туыстары жүгінген болатын. Әйел өзінің қайта баратынын туыстарына алдын ала не себепті ескертпегендігін түсіндіре алмады.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар