Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Зеренді ауданындағы Зеренді көлінде құтқару бекеті ашылды. Енді жаз бойы су аумағын жедел құтқару бөлімнің құтқарушылары қадағалайтын болады.
Құтқару бекетінің ашылуы Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары үшін өте маңызды. Зеренді ауылындағы суда құтқару станциясының аумағында “Суда абай болыңыздар” баннері орнатылған. Суда құтқару станциясы аумағында авариялық-құтқару жабдығы мен сүңгуір жарақтары, сондай-ақ апаттық-құтқару техникасы, су бетінде жүзу құралдары бар.
“Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап бүкіл республика бойынша, соның ішінде, Ақмола облысында шомылу маусымы басталады. Қоғамдық құтқарушылар біздің кәсіби құтқарушыларымызға үлкен көмек көрсетеді. Облыс әкімдігінің қолдауымен біздің құтқару бөлімшелеріміздің материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлкен көңіл бөлінетінін атап өткім келеді. Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында туристер мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы курорттық аймақты қамтамасыз ету үшін екі құтқару станциясының құрылысы жоспарлануда”, – деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Шара барысы катерлерді, сүңгуірлік жарақтарды пайдалана отырып, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Зеренді көлінде зардап шеккендерге (шартты) алғашқы медициналық көмек көрсетті, сондай-ақ, апаттық-құтқару жұмыстарының үлгісін көрсетті. Одан әрі қоғамдық құтқарушыларға құтқарушылар курсынан өткендігі туралы куәліктер табыс етілді.