Бурабай: Абылай хан алаңында мультимедиялық интерактивті кешен орнатылды

«Бурабай Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметінше, Бурабайдағы Абылай хан алаңында елімізде теңдесі жоқ мультимедиялық интерактивті кешен іске қосылды. Осы кешен арқылы жаңа технологиялардың көмегімен 5D форматында қызықты саяхат жасау және еліміздің тарихына ену мүмкіндігі бар.

«Кешен бірнеше мультимедиялық залдар мен аттракциондардан тұрады. Солардың бірі – Қазақстандағы жалғыз мультимедиялық өмір ағашы өсетін «Мәңгілік Ел». Бұл шежіренің бір түрі. Авторлар мәдениетті және ұлы тарихымызды сақтап қалу үшін әрбір қазақ өзінің шығу тегін, өз руы мен жүзін білуі тиіс деп есептейді. «Өмір ағашы» әр қазақтың ру-тайпалық құрамы туралы барлық ақпаратты көрнекі түрде көрсетеді. Ол жарық шоуы арқылы көрсетіледі», – дейді серіктестің маркетинг жөніндегі менеджері Әсем Мұқымова.

Сондай-ақ, мультимедиялық кешенге келушілер «Самұрық құсының ұшуы» аттракционында «Самұрық құсының» соңынан ере отырып, виртуалды ұшу-саяхатты арқылы еліміздің ең экзотикалық жерлеріне барып, оның табиғатымен, Қазақстанның қазынасын құрайтын киелі объектілермен таныса алады.
Бүгінгі күні кешен «Ashyq» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, жұмыс күндері 10:00 – ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері-20:00-ге дейін.

Менеджердің айтуынша, сессиялар әр жарты сағат сайын өтеді. Бір сессияға 10-12 келушіге рұқсат етіледі. Ұйымдастырушылар жеңілдіктер де қарастырған. 6 жасқа дейінгі балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар мен студенттер, мүгедек балалар, ҰОС ардагерлері, 1,2,3 топтағы мүгедектер, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері кешенге тегін бара алады.

 783 total views,  6 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар