Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Баршаңызды кәсіби мереке – Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Халықтың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын орнықтыру және медициналық қызметтің сапасын жақсарту біздің алдымызға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытудың және халыққа дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын арттырудың жаңа міндеттерін белгіледі.
Қазіргі уақытта біздегі облыс халқына 530 медициналық ұйымдар қызмет көрсетеді. Бұларда 12 мыңнан астам адамдар, соның ішінде 1459 дәрігерлер мен 8 мыңнан астам орта және кіші медицина қызметкерлері еңбек етуде.

Облыс халқына дәрігерлік қызмет көрсетуді жақсартуға айрықша көңіл бөліп отырмыз. Жыл сайын денсаулық саласына бөлінетін қаржы мөлшері арта түсуде. Соңғы жылдары осы салаға бөлінген қаржы 20 миллиард теңгеден асып түсті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,5 есе артық екендігін көрсетеді. Осыған орай емдеу-профилактикалық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайып, жетілдіріліп келеді. Биылдың өзінде ғана дәрігерлік мекемелерді жарақтандыру деңгейі 6 пайызға өсіп, жалпы бұл 80 пайызды құрап отыр. Бұл жақсы көрсеткіштердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Қазіргі жағдайдың талабына сәйкес жасанды дем алдыру (ИВЛ) аппараттарының саны 2,5 есеге, оттегі жабдықтары 5 есеге өсті. Жаңадан 4 рентген аппараттары, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 63 санитарлық автокөліктер, елді мекендерге қызмет көрсету үшін 11 жылжымалы диагностикалық кешендер сатып алынды.

Өткен 2020 жылы облыс орталығында жоғары технологиялы жабдықтармен жарақтандырылған 200 орындық жаңа үлгідегі жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, пайдалануға берілді. Целиноград ауданындағы Софиевка және Шортанды ауданының Степной ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар іске қосылды. Биылғы жылы Целиноград ауданының Қосшы ауылында жаңа емхана, Қараөткел ауылында дәрігерлік амбулатория, Қоянды ауылында алғашқы дәрігерлік көмек көрсету орталығы пайдалануға беріледі. Степногорск қалалық, Атбасар, Бұланды, Сандықтау аудандарының ауруханаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл үшін облыстық бюджеттен 437 миллион теңге қаржы бөлінді. Тағы бір игі іс – 2021-2024 жылдар аралығында Көкшетау қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 630 орынды көпбейінді жаңа облыстық аурухана салу жобасын жүзеге асырғалы отырмыз.

Дәрігерлік қызмет көрсетуді жақсартудың және мамандардың күш-жігері мен іскерліктерін жұмылдыру нәтижесінде облыста қан-тамырлары айналымы, қатерлі ісік, туберкулезден болып жататын кісі өлімі азайды. Әрдайым дәрігер кадрларын дайындауға, олардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге зор мән беріліп келеді. Қазір жергілікті бюджет және шаруашылық нысандарының бюджеттері есебінен 483 жастар дәрігерлік жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Биылдың өзінде 70 дәрігер мен 238 орта дәрігерлік қызметкерлер жұмысқа қабылданбақшы.

Дәрігерлік қызметкер алдында жауапты әрі күрделі міндеттер тұрғаны анық. Ең әуелі қазіргі пандемия індетінің жүріп жатқан кезеңінде облыс тұрғындарын сақтандыру, олардың екпе алуын қамтамасыз ету кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Бүгінгі мереке күні барша дәрігерлер қауымына алғысымды білдіремін! Сіздерге зор денсаулық, отбасының бақытын тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар