Алғыс айтамыз!

Халқымызда «Бірінші байлық – денсаулық» дейтін аталы сөз бар. Денсаулықтың қымбат екендігін әркім де біледі. Әйтсе де, бас ауырып, балтыр сыздамай тұра ма? Міне, осындай кезде өз мамандықтарына адалдықпен қарап, жәрдемін аямайтын жаны жайсаң медицина қызметкерлерінің еңбектері ұшан-теңіз.
Көп жыл бойы облыстық ауруханада еңбек етіп, халқының алғысына бөленіп жүрген ақ халатты жандарға төл мерекелері қарсаңында аналық ақ алғысымды білдіргім келеді. Ұжымның ұйымшыл, әрқайсысының мықты маман екендігі белгілі. Дегенмен, Райхан Ерғалиқызы, Айгүлім Романқызы, Гүлнәр Ниғметқызы, Раушан Мұратқызы тәрізді дәрігерлердің есімдерін ілтипатпен атай отырып, еңбектеріне табыс тілегім келеді. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын, ақ халатты абзал жандар.

Фарида Дарменбаева.

Құрбы-құрдас, замандастармен әзілім жарасып, сап-сау жүрген мен 2012 жылы аяқасты демікпеге душар болдым. Дәрігерлер маған бронхиалды астма диагнозын қойды. Осы сәттен тынысым тарылып, медицина қызметкерлерінің көмегіне жиі жүгінетін болдым.
Ауруханада жатып, ем алғанымды айтпағанда, жедел жәрдем көмегін жыл басынан бері отыз тоғыз рет шақыртыппын. Ондағылар менің телефонымды жатқа білетін болуы керек, хабар түскен бойда іле жетіп келеді. Әсіресе, жедел жәрдем қызметінің №6 бригадасына, фельдшер Әсемгүл Ешімоваға айтар алғысым шексіз. Жақында Көкшетау қалалық ауруханасында жатып ем алдым. Пульмонология бөлімшесінің меңгерушісі Бағлан Сейітмұханбетованың жетекшілігімен дәрігер Лилия Луговицкая, мейірбикелер Алмагүл Құдайбергенова, Сәния Елубаева, Зоя Кочетыгова, Елена Близнюк қолдан келген көмектерін аямай, сергектік танытты.
Дертім жаныма батқан соң, басқа да мамандарға да жүгінуге тура келеді. Бұл орайда облыстың бас пульмонологы Наталья Солонина, қалалық аурухананың бас пульмонологы Тамилям Шаяхметова, терапия бөлімшесінің меңгерушісі Әсет Бектасов бетімді бір қайтарған емес. «Боровской» және «Юбилейный» шағын аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсететін №2 отбасылық-дәрігерлік орталықтың жетекшісі Жанат Шакенова, дәрігер Мирхан Нұржанова, мейірбике Салтанат Кәрімжанова науқастың көңілінен шығатын нағыз мейірім шуағы мол абзал жандар. Жоғарыда есімдері аталған ақ халаттыларды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, шынайы ризашылығымды білдіремін.

Өмірбек ТЕМІРБЕКОВ,
ғалым-экономист, еңбек ардагері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар