Пікір алысып, ой бөлісу сәтті өтті

Ағымдағы жылы 100 жаңа есімнің жеңімпазы, Қазақстан кітапханаларының Альянсы төрағасы Нұржан Жолдыбалинов, «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, «Креативті кітапханашы. Кітапханадағы инновациялық әдістер» әдістемелік құралының авторы Элмира Бейсхулова «Кітапхана инновациясы» атты онлайн-тренинг өкізді.

Тренинг үш күнге созылды. Қатысушылар Қазақстанның әр түкпірінен келген екен. Курста «Vidio Scribe», «Кahoot» атты бағдарламаларды меңгердік. Өте жақсы, мәнді-мағыналы, сүбелі сөздер мен тиянақты ойлар айтылды. Біз тобымызбен тренингке белсенді түрде қатыстық, тапсырмаларды орындадық.

Оқудан күшті әсер, мәліметтер алдым. Ыждаһаттылықпен түсіндірілгесін бе, оңай соқты десем болады. Өз басым осындай тренинг курсқа қатысқаныма қуаныштымын. Нұржан Жолдыбалиновты тек теледидардан көретін едік, енді ашық-жарқын танысып, ой-бөлістік.

Әрине, ұқсас бағдарламамен де жұмыс жасап көргенмін. Слайд шоу, презентацияларды жасауды хоббиіме айналдырғанмын, сондықтан да болар, мен үшін оңай болды.
Осындай тренинг-курстар жалғасын табар деген ойдамын.

Мейрамгүл ТЫНЫМБАЙҚЫЗЫ,
Ш.Уәлиханов университетінің кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар