Ардагерлер жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында ардагерлер тәуелсіздік құрдастарымен кездесті. Іс-шараға мемлекеттік қызмет саласының ардагерлерімен бірге ғылым саласының, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының өкілдері, тәуелсіздіктің құрдастары – жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Кездесуде өңірдің мемлекеттік қызметінің қалыптасу тұғырында болған, жоғары білікті кадрларды тәрбиелеп шығарған мемлекеттік қызмет ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Марат Құлмағамбетов жас әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, мемлекеттік қызметшілерді кәсібіне адал болуға, заңдылықты бұлжытпай сақтауға шақырды. Департамент басшысы Берген Беспалинов жас мемлекеттік қызметшілер еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүргендігін атап өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет ардагері Алтынай Аминова мемлекеттік қызмет туралы естеліктерімен бөлісті. Оның айтуынша, кез-келген мемлекеттің болашағы білікті, әрі білімді кадрларға байланысты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Белла Газдиева, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өкілі Надежда Медведева да өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Өңірдің мемлекеттік қызметін дамытуға үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер департамент басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды. Жалпы, мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында департаменттің бастамасымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Мысалы, «Үздік мемлекеттік қызметші» облыстық байқауы, мемлекеттік қызметшілердің балалары арасында «Менің ата-анам мемлекеттік қызметші» сурет салу байқауы, мемлекеттік қызметке алғаш рет түскен мемлекеттік қызметшілердің онлайн режимінде ант қабылдауы өткізіліп, өңірдің баспасөз басылымдарында мемлекеттік қызметшілер туралы имидждік мақалалар жарияланды.

Жазира ТОҚТАР,
Ақмола облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар