Зеренді ауданындағы Жылымды орта мектебін бітірген Гаухар Бекішева өзге құрбылары сияқты мамандық таңдауда көп ойланған жоқ. Әуел бастан жүрегімен ұнатқан мұғалімдік мамандыққа деген құштарлық оны Көкшетаудағы Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжіне бастап әкелген еді. Оқуға түсу және колледжде білім алу да оған еш қиындыққа түскен жоқ.
Колледжді бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген ол еңбек жолын қала іргесіндегі Краснояр селосындағы №3 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімдігінен бастады. Кейінірек сырттай оқып, екі жоғары білім алған Гаухар Бекішева бүгінде Сандықтау ауданындағы №1 Балкашин орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Ол сабақтарында дәстүрлі емес сабақ беру тәсілдерін жиі қолданады. Бұндай сабақтар балаларды жалықтырмайтыны өз алдына, оларды сабаққа ынталандырып, білім сапасын көтеруге игі ықпалын тигізеді.
Суретті түсірген Берік Ескенов.
Сандықтау ауданы.