Сайлаудың ашық және әділ өтуіне үлес қоспақшы

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде орналасқан «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола филиалының штабында осы филиалдың басшысы Ерлан Зәкіриянов брифинг өткізіп, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, селолық округ әкімдерін сайлау процесінде партиялық емес бақылаудың алатын маңызы жөнінде айтып берді.

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты ел халқына арнаған Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттілігі жөнінде бастама көтерген болатын. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында 25 шілде күні ауыл әкімдерін сайлаудың алғашқы кезеңі өткізіледі. Осы орайда, аталмыш орталық өз жұмысын жалғастыруда.
–Сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде байқау мен мониторинг жүргізу ар қылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысуға бағытталған аталмыш ұйым барлық сайлау учаскелеріне бақылау жасайтын болады. Республикалық қоғамдық ұйымның барлық облыстарда филиалдары бар және мемлекеттік деңгейдегі сайлау кезеңінде саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқық пен бостандықты іске асыруға және қорғауға өз ниетін білдіреді. Сайлауды бақылау әлемде мемлекеттік билікке сенімді арттыру үшін үлкен маңызға ие. Партиялық емес бақылаудағы ауқымды қағидаттардың декларациясы және қоғамдық ұйымдар сайлауының мониторингісі барлығымен танылған бағалы әмбебап құжат. 2012 жылдан бастап ол сайлауда мониторинг жүргізетін партиялық емес ұйымдарды өзара түсінетін негіз болды. 2021 жылғы қаңтардағы сайлау тәжірибесі бойынша Қазақстанда аталмыш республикалық қоғамдық бірлестік өз жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысы сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелеріне бақылау және мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі қатысуға бағытталған. Барлық филиалдар республикалық деңгейде саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқы мен бостандығын қорғап, жүзеге асыру үшін өз пікірін айта алады,–деді филиал басшысы. Бүгінгі күні олар өз бақылаушыларын оқытуда. Сайлауды партиялық емес бақылаудың және мониторингілеудің тиімді әдісі мен технологиясы қашықтықтан ұйымдастырылады. Мұндай сабақтардың тыңдаушылары Қазақстанның сайлау заңнамасымен, сайлау процесіндегі барлық кезеңнің мониторингілеу ережесімен таныстырылады. Филиал 493 бақылаушы оқытуды жоспарлап отыр. Сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын сақтауды бақылау үшін сайлауды бақылау жүйесінде үлкен тәжірибесі бар команда құрылыпты. Олар жалпы күшпен ашық және тәуелсіз сайлауды қамтамасыз етуге көп үлес қосады деген сенімдеміз.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретте: Ерлан Зәкіриянов.

Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар