Сайлаушылардың 74 пайызы дауыс берді

Ақмола облысының бақылаушылар штабының жетекшісі, «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Ерлан Зәкірияновтың айтуынша, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша облысымызда сайлаушылардың 74 пайызы дауыс берді.
Қазіргі таңда 426 стационарлық, 48 жекелеген бақылаушының және 19 координатордың атқарған бақылау жұмыстарының арқасында Партиялық емес бақылау орталығы ауыл әкімдері сайлауының алдын ала қорытындысын шығарған. Спикердің айтуынша, бақылаушылар сайлауда жоғары жұмыс деңгейін, сондай-ақ, заң нормаларын жақсы білетіндерін көрсеткен, таңнан кешке дейін сауалнама жүргізген, сайлау барысы жайлы әлеуметтік желілерге ақпарат таратып отырған. Сайлаушылардың белсенділігі күннің екінші жартысында байқалғанын айта кеткеніміз жөн. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша ауылдық жерлерде тіркелген 73613 сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар