Экологиялық акция жастар белсенділігін байқатты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Игі істер марафоны» жобасын іске асыру аясында өңір жастары Бурабай және Жақсы аудандарында «Өз елімде із қалдырмай Sayahattime» атты экологиялық акция өткізді.

Бурабай курорттық аймағының аумағында жастар Бөлектау тауының жартасты беттерін жазулар мен суреттерден тазартып, іргелес аумақтан 15 қап қоқыс жинап, ағаштарды түрлі таңғыштардан тазартты.
Акцияға 50-ден астам адам қатысты, олардың ішінде облыстық жастар-ресурстық орталығының қызметкерлері, белсенді жастар мен еріктілер.
– Акцияның мақсаты жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың қалың жігі арасында табиғатқа ұқыпты қарау идеясын насихаттау болып табылады. Біздің жастар бұл акцияға қуана жауап беріп, қолдау көрсетті. Акцияның өткізілуі азаматтардың қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін,– дейді облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.
Осындай акция Жақсы ауданында өтті. Аудан еріктілері «100 жалпыұлттық қасиетті орын» республикалық реестріне кіретін Баубек батыр кесенесінің аумағында және Есіл өзенінің жағасында тазарту жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара туған өлкенің табиғатына деген қамқорлықты ғана емес, халықтың дәстүрлерін сақтау және тарихи орындарды құрметтеу тақырыбын да қозғайды. Біз ұжымдық жұмыс кезінде қоршаған ортаға ұқыпты және жауапты қарым-қатынастың қалай қалыптасатынын өз мысалымызбен көрсеттік, – деп қорытындылады еріктілер.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар