Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамы еңбекақысын уақытында алып отыруы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамы еңбекақысын уақытында алып отыруы тиіс

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық комиссияның отырысында кәсіпорындар мен ұйымдар және шаруашылықтар басшыларының жинақталып қалған еңбекақы қарыздарын өтеу бойынша атқарып жатқан жұмыстарына тиісті баға берілді.

Комиссия отырысында қаралған бірінші мәселе әлеуметтік әріптестік аясында атқарылған жұмыстар турасында болды. Бұл жөнінде баяндама жасаған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова өңірде әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша қалыптасқан бірқатар проблемаларға тоқталып өтті.
Мәселен, Бурабай ауданында әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сомасы 2021 жылдың маусым айымен салыстырғанда 15,6 миллион теңгеге өскен. Жалпы, облыс бойынша аталған комиссия отырыс-
тарында әлеуметтік төлем, еңбекақы, өндірістік жарақат берешектері бойынша 85 жұмыс берушінің есебі тыңдалған. Соның нәтижесінде жыл басынан облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары 142 миллион теңге сомасындағы еңбекақы қарыздарын төлеген. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, қазір 73 жұмысшының 86 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы сот орындаушыларының өндірісінде жатыр. Орта есеппен, бір адамға шаққандағы еңбекақы қарызы 1 миллион 162 мың теңгені құрайды. Сот орындаушылардың өндірісінде жатқан 86 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы қарыздарының 54 миллион теңгесі немесе 3 пайызы Көкшетау қаласына тиесілі. Оның ішінде «Авангард Кемикал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жұмысшыларына 17,3 миллион теңге, «Альфа-Газ-Көкше» серіктестігі 36,7 миллион теңге берешек.
Сондай-ақ, комиссия отырысында облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Амангелді Смайылов, Ақмола облысының «Жеке сот орындау-
шылары» өңірлік палатасының жетекшісі Жанар Әбілқасымова, Ақмола облысы бо-
йынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков баяндама жасап, өңір кәсіпорындары мен ұйымдарында, оның ішінде жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі еңбекақы бойынша берешекті өндіру жөнінде қолданылатын шаралар, мемлекеттік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік төлемдердің, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың берешегін өндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Облыс әкімі еңбекақы және әлеуметтік төлем қарыздары қалыптасқан аудан, қала басшыларынан түсініктеме алып, мәселемен айналысуды тапсырды.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар