Ана жүрегінің ақ алғысы

Таяуда Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Тасовтың атына Щучинск қаласының тұрғыны Ирина Леонецтан алғыс хат келіп түсті. Жылы лебізін хат арқылы білдірген аудан тұрғыны өз тілегін былай деп жеткізген.

«Құрметті Нұрлан Қуандықұлы! Мен өз отбасымның атынан ана жүрегімнен №5 Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының жұмысына алғыс білдіргім келеді. Өз басым он баланы бағып-қағып отырған алтын алқа иегерімін. Апат айтып келмейді ғой. 2021 жылғы 01 тамыз күні сағат 12 шамасында біздің қорада өрт болды. Жалын тез тарады, көршілер өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалды. Өрт сөндірушілер келіп тез әрі жедел сөндіре бастады.
Осының арқасында үй өрттен құтқарылды және көрші үйлер зардап шеккен жоқ. Жалғанда жан баласына залал болмаса екен дейміз. Отбасымызды тілсіз жаудан аман сақтап алып қалғандарыңыз үшін, Сізге және Щучинск қаласындағы жасағының 5-МӨСБ жеке құрамына алғысымыз шексіз. Деніңізге саулық, жұмыста табыс тілейміз», – деген екен ол. Иә, мұндай жылы лебіз күнде хатталып, қағаз бетіне түсе бермейді. Талай жалын-отты ауыздықтаған өрт сөндірушілердің еңбегі шынында да алғысқа лайық. Көп балалы ананың бұл жүрекжарды ризашылығын осы сөзіміздің бір айғағы деп білеміз. Еңбектің жемісін көріп, ел ықыласына бөлену кім-кімге де зор бақыт. Осы орайда өз жұмысына адал қарайтын өрт сөндірушілерге біз де толайым табыс тілесек дейміз!
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар