Көкшетауда Абай мүсініне гүл шоқтары қойылды

Бүгін Абай күніне орай облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің жанындағы Абай мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы оқу ордасының базасымен арнайы таныстырып, білім алушы шәкірттер, колледждің білім беру құрылымы және соңғы жылдардағы жетістіктер туралы мағлұматтар беріп өтті.

2021-2022 оқу жылының қабылдау комиссиясының жұмысы, оқу орнына түсуге үміт білдірген талапкерлер қарқыны, емтихандарды өткізу барысымен танысты.
Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасының мүмкіндіктері, кітап қоры, техникалық базасы көрсетіліп, қашықтықтан білім беру жүйесінде арнайы іске қосылған электронды кітапхана көрсетілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар