Сот талаптары толық орындала бермейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық соттардың өткен жеті айдағы жұмыс қорытындылары шығарылып, сот төрелігін іске асыру жөніндегі өзекті мәселелер сөз болды.

Онда облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Серікжан Ғабдулин және облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Нәйлә Нұралиева Ақмола облысы соттарының қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелері туралы хабарлама жасады.
Брифинг барысында сот алқаларының төрағалары облыстық соттардың Мемлекет басшысы мен Жоғарғы Сот төрағасының сот төрелігін сапалы жүзеге асыру, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру және соттардың қолжетімділігі, кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндірді, сонымен қатар, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жұмысымен таныстырды.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен Ақмола облысының соттары әкімшілік іс-жүргізу кодексін қолдану және сот практикасын дамыту бойынша жұмысты бастап кеткен. Бір ай ішінде сот процестеріне 124 талап арыз беріліп, сот орындаушыларына қойылған талаптар бойынша екі медиациялық келісім жасалған. Сот практикасында анықталғанындай, әкімшілік органдардың процессуалдық құқықтарды теріс пайдаланатыны немесе процессуалдық міндеттерді орындамайтыны байқалуда. Яғни, сот талаптары үнемі орындала бермейді және бұл кейбір даулы мәселелерді уақытылы шешуге кедергі келтіреді. 2021 жылдың шілдесінде соттар әкімшілік лауазымды адамдарға үш ақшалай айыппұл салған. Жалпы, сот практикасы азаматтар мен кәсіпкерлер қауымдастығының кодексте белгіленген және бұзылған құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін растайды.
Брифинг барысында облыстық сот алқасының төрағалары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына, сондай-ақ, тікелей эфирден алынған сұрақтарға жауап берді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі,

Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар