Берген Беспалинов: Қоғам мүдделерін қорғайтын талантты басқарушылар қажет

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша а.ж. 1 қыркүйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталып, оның нәтижесі бойынша 50 резервші іріктеледі.

Басты мақсат – бірінші кезекте қоғам мүдделерін басшылыққа алатын талантты басқарушылар анықтау болып табылады. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді.

Негізгі талаптар азаматтыққа, білім деңгейіне, жас мөлшеріне және жұмыс өтіліне қойылады.

«Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады» – деп Б.Беспалинов атап өтті.

Спикердің айтуынша, іріктеу процесі кандидаттардың талап етілетін білімдерін, дағдыларын және қабілеттерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар кандидаттардың шынайы мақсаттары мен құндылықтарын анықтауға бағытталған.

Резервтің құрамына іріктелген маман 3 жыл ішінде мемлекеттік лауазымға тағайындалуға құқылы.

Іріктеуді өткізу үшін pkrezerv.gov.kz сияқты арнайы платформа әзірленді. Аталған портал арқылы құжаттарды қалай тапсыруға болатыны, тестілеудің қалай өткізілетіні және кандидаттарға техникалық қолдау көрсетудің қалай іске асырылатыны туралы Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева айтып өтті. Оның айтуынша кезеңдердің көпшілігі онлайн режимде өтеді.

Іріктеу кезеңдері туралы қосымша ақпаратпен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Белла Газдиева бөлісті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар