Елордада вакцина паспортын қолдан жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Елорданың тәртіп сақшылары вакцина паспортын қолдан жасап, оларды сату фактісінің алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер назарына кез келген үлгідегі құжат дайындауды уәде еткен жас ер адам түскен. Ол қала тұрғындарына вакциналау төлқұжатын 20 күн ішінде дайындап беруді ұсынды. Бұл ретте тапсырыс берушілер ақшаны алдын ала төлеуі тиіс болды. Ер адам жұмыс орнының жанында 50 мың теңге көлеміндегі ақшаны алу үстінде ұсталды. 28 жастағы күдіктінің айтуынша, ол осылайша ақша таппақ болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Вакцина паспорттарын алу үшін аталған ер адамның «көмегіне» жүгініп алданған азаматтардың саны анықталуда. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды заңға қайшы кез келген әрекет үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.

Дереккөз:  ҚазАқпарат

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар