Жарқайың ауданында екпе салу жұмыстары жалғасуда

Ақпараттық-түсіндіру тобы аудандық аурухананың медицина қызметкерлерімен бірлесіп, COVID-19 қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша М.Ғабдуллин көшесіндегі көп пәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесті. Онда вакциналауды өткізу кезеңдері мен тәртібі түсіндірілді.

Еске сала кетсек, ауданда екпе егу компаниясы ақпан айында басталған болатын. Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау 2 егу пунктінде және 4 мобильді бригадада жүргізіледі.​ Бірінші кезекте КВИ-ға қарсы вакцинациялауға халықтың басқа топтарын одан әрі қамти отырып, КВИ жұқтыру және таралу қаупі жоғары халықтың осал топтары жатады. Егуді алу алдында әркім вакцинаның құрамы мен өндірушісі туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар