Парламент Мәжілісінің депутаты өндіріс орындарын аралады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Құсайынов жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарды аралап көріп, олардың жұмыстарымен танысты.

«Nur Otan» партиясы жұмысының басым бағыттарының бірі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады.
Ең алдымен «Milk Project» серіктестігінде болған Мәжіліс депутаты 2009 жылы пайдалануға берілген, өнімділігі тәулігіне 30000 кг өнім өндіретін сүт өңдеу кешенінің жұмысымен танысты. ЖШС цехтары заманауи ресейлік, израильдік, Шведтік жабдықтармен жабдықталған екен. Өндірісте сүтті бактериялық терең тазарту қолданылады, бұл оның сапасының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дайын өнім ECOLEAN заманауи қаптамасына құйылады. Айта кету керек, олар Қазақстан Республикасында осы қаптамаға эксклюзивті құқыққа ие жалғыз компания.
Мұнда өнім 100 пайыз табиғи сүттен өндіріледі, компанияда сүт фермасы, сондай-ақ сүт қабылдау пункттерінің желісі бар.
Ірімшік, сүт, майдың жартылай фабрикаттары, сүзбе шығаратын көкшетаулық «Нәтиже» серіктестігі осы жылдың желтоқсан айында бес жылдық жұмысын атап өтеді. Осы қысқа уақыт ішінде оның өнімі, ал, көбіне мұнда табиғи сүттен жасалған ірімшік, он түрі өндіріледі, ақмолалық тұтынушыларға ұнап үлгерді. Түркиядан келген нағыз ірімшік жасаушы, шебер-технолог Мехмет-Али Кырчан ірімшік жасау процесіне басынан аяғына дейін жауап береді. Бүгінгі таңда кәсіпорында 28 адам жұмыс істейді, бірақ уақыт өте келе жұмыс орындары көбірек ашылады деп жоспарлануда, өйткені, алдағы уақытта серіктестік кеңеюді, ассортиментін көбейтуді және әр түрлі балқытылған ірімшік түрлерін жасауды жоспарлап отыр. Бұл орайда, дамып келе жатқан серіктестік «Даму» қорының жеңілдетілген несие бағдарламаларына жүгініпті.
Өткен жылы Көкшетауда ашылған «Kazrost Engineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Kazrost Engineering Ltd» компаниясының еншілес кәсіпорны. Дәлірек айтқанда, компания «Вектор комбайн зауытының» өндірістік алаңына жаңғырту жүргізіп, Қазақстанда шығарылып, сатылатын ауыл шаруашылығы техникасының модельдік қатарын кеңейтті. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы техникаларын, яғни, өнімділігі жоғары Vector 410 KZ, ACROS 550 KZ комбайндарын, тракторларды өндіріп, құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету бағытында дамып келе жатқан зауытта 167 адам еңбек етеді. Өткен жылы мұнда бес жиынтықтағы комбайндарды жаппай шығару басталыпты. Биылғы жылы серіктестіктің техникалық бөлімі 9 метрлі әмбебап дестелегішін жасап шығарыпты. Кәсіпорын директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, олар қытайлық YTO өндіретін тракторларды құрастыру өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.
Кәсіпорын жұмысымен танысқаннан кейін Марат Құсайынов:
– Кәсіпорындарға барып, олардың қалай жұмыс істеп жатқанын көрдім. Мысалы, «Milk Project» серіктестігі сүт өнімдерін шығаратын облыстағы озат кәсіпорындардың бірі екен. Кәсіпорынға кезінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында, ал, жақында «қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетіліпті. Мемлекет «Нәтиже» серіктестігі сияқты кәсіпорындарды қолдайды деп айтқым келеді, олардан қайтарым бар екеніне көз жеткіздік. Мысалы, «Milk Project» ЖШС – Зеренді ауданының ірі салық төлеушілерінің бірі, тек өткен жылы олар 200 миллион теңгеге салық төледі. Мұндай серіктестіктердің, әдетте, қызметкерлер үшін жақсы әлеуметтік бағдарламалары бар. Яғни, бұл өзара тиімді процесс, алдымен мемлекет бизнеске көмектеседі, содан кейін бизнестен қайтарым болады, – деді.

Раушан Өтеулина,
Ырысалды ШАМШИЕВА.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар