Өлкетану – мәдениет пен әдебиеттің бір бағыты

Жуырда М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы мен Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы бірлесіп, ZOOM платформасында «Кітапхана және уақыт мәселелері: ақпараттық ғасырда жаңа сапа» атты кітапханалық воркшоп өткізді. Аталмыш шараға аудандық, қалалық, облыстық кітапханалардың басшылары мен қызметкерлері қатысты. Вебинар барысында Солтүстік Қазақстан кітапханаларындағы мәдени брендтер, кітапхана – коммуникация орталығы, жаңа форматтағы кітапханалық өлкетану, «Алтын арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығының қызметі, өлкетану, шабыт-идеяны іске асыру және тағы басқа тақырыптар көтерілді.

Бүгінде Ақмола облысында 335 кітапхана, қазіргі заманға сай білім орталықтары – 26 коворкинг орталығы жұмыс істейді, оның 11-і ауылдық жерде. Кітапханалар оқырман мен кітаптың арасындағы алтын көпірге айналған. Осы тұста әсіресе, туған жердің тарихынан, мәдениеті мен әдебиетінен сыр шертетін кітапханалық өлкетану бағытын іске асыру мәселесі туындайды. Себебі, әр облыс, қала тұрғыны өзінің тұрғылықты жеріне байланысты жан-жақты ақпараттандырылған, хабары бар тұлға болуы керек. Осы жерде кітапхананың алатын орны ерекше. Барлық кітапханалармен осы жолда жасалып жатқан жобалар мен іс-шаралар өз жемісін беруде.
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында 2016 жылдың қараша айынан бастап «Алтын Арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығы жұмыс істейді.
Орталықтың мақсаты Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының белгілі азаматтарының, соның ішінде: ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналған құжаттарды зерттеу және жинақтау, Өлке тарихымен, мәдениеті және дәстүрімен таныстыру, Өскелең ұрпақтың отансүйгіштік сезімін дамыту болып табылады. «Алтын арқа» ақпараттық – ағартушылық орталығының үлкен жобаларының бірі «өңір мен өмір» жобасы. 2016 жылдан бастап бүгінгі уақытқа дейін орталықтың бастамасымен 24 отырыс өткізілді, 60 электрондық басылымның тұсауы кесілді. Қазіргі кезде 10 басылым жаңартылып, қалған электрондық басылымға әр 5 жыл сайын толықтырулар енгізіліп, қалың оқырман назарына ұсынылып келеді.
Электрондық басылымда белгілі тұлғалардың өмірбаяны, бейнежазбалар, фотосуреттер, мақалалары, кітаптары және ол кісілер туралы жазған ғалымдардың, ақын-жазушылардың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары жинақталған. Осы аталмыш электрондық басылымдар арқылы оқырмандар автор туралы барлық қажет ақпаратты алып, өз уақыттарын үнемдейді. Барлық мерзімді басылымдарды ақтармай-ақ, осы жерден керек мағлұматты алады. Міне, осының бәрі бірлескен шарада тиісті әңгіме өзегіне айналып, рухани қос мекемені жақындата түсті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар