Қазақстанда 6 млн-нан астам адам толық вакцина алды

Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 17 қыркүйектегі мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап..
17 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 7 228 047 адам салдырды, II компонентті 6 059 729 адам егілді. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 922 556 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 821 717 адам екінші компонентін салдырған.
Екпе алудан екінші орында – Түркістан облысы. Өңірде 824 620 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 642 284 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Алматы облысы – 725 430 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 606 788 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар