Облыс жылыту маусымына толық әзір

Облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, алдағы жылыту маусымына облыста дайындық жұмыстары пысықталуда. Ағымдағы жылғы мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары қазіргі кезде аяқталу сатысында.

Жылыту маусымын сәтті өткізу үшін барлық 663 қазандық дайындалып, жөнделді, 75,1 шақырым жылумен жабдықтау желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Барлық әлеуметтік нысандар, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ 2520 тұрғын үй жылыту маусымына толықтай дайын.
РК-1 және РК-2 бойынша жұмыстардың жалпы орындалуы 100 пайызды құрады. Осы екі жылумен жабдықтау объектілерінде жалпы станциялық жабдықтарға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді, қыздыру беттерінің құбыр блоктарын ауыстыру және басқа да жұмыстар орындалды.

Осыған ұқсас жұмыстар Краснояр және Станционный кенттеріндегі жергілікті қазандықтарда да қолға алынды. Облыстың барлық жылумен қамтамасыз ету ұйымдарымен отынды жеткізуге уақытылы шарттар жасалды. Жылыту маусымына сапалы кіру үшін қажетті 2 айлық отын қоры дайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар