Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 16 қыркүйек күні сағат 17:00-де орын алған. Өрт қаланың шетіндегі телемұнара тұсынан басталып, «Вавилов» саяжай алабына тараған.
Тілсіз жау 20 гектар аумақтағы құрғақ шөпті шарпыды. Одан 3,5 гектар аумақтағы 58 саяжай учаскесін, оның үшеуі – тұрғын саяжай үйлері зардап шекті.
«Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 34 адам мен төрт арнайы өр сөндіру техникасы, «ОПАЗ» мемлекеттік емес өрт қауіпсіздігі қызметінің 4 жұмысшысы мен 1 техникасы, «ЕПК» АҚ өрт қауіпісіздігі бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазақалтын» кәсіпорнының 4 қызметкері мен 1 техникасы, «Мани» ЖШС-нің 2 қызметкері мен 2 техникасы, Степногорск қалалық су каналының 2 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды», – деді ведомстводан.