Жолдау сенімді бағыт-бағдар береді

«ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамының ұжымы Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жылы қабылдады.

Аталған бес негізгі бастаманың әрқайсысы өз мазмұны бойынша нақты айтылған. Әлеуметтік дамудағы барлық бастамалар адамдардың өмір сүру деңгейін жақсартудың, оны сақтаудың ең үлкен қажеттілігі болып табылады. Біз еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайтуға бағытталған үшінші бастамамен таныстық. Микро және шағын кәсіпкерлік үшін жиынтық жүктемені 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізуді ұсынды. Бұл зейнетақы жүйесінің, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды қатысушысы бола алатын мыңдаған қызметкердің «көлеңкеден шығып кету» бизнесін ынталандырып отыр. Біздің республикамыз өзінің даму кезеңінде бірнеше дағдарысты еңсерді, бірақ, ауқымды іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін күш пен қаржы табатыны көңілге қуаныш ұялатады. Біздің мемлекетіміздің көптеген проблемаларды шешудің дұрыс жол таңдауына өз қолдауымызды білдіреміз. Бұл ретте, Мемлекет басшысының саяси ұстанымымен толық келісеміз. Біз өз елімізге, Президентке сенім артамыз. Өйткені, уақыт біздің елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың табысты іске асырылып жатқанын көрсетеді.
Анатолий ТОМИЛОВ,
«ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамының директоры.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар