Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ардагерлер!

Халықаралық қарттар күнімен шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Еліміздің Тәуелсіздік алған 30 жылындағы жетістіктері мен табыстары, ең алдымен, сіздердің сіңірген еңбектеріңіз арқасы. Қазақстан Республикасының қалыптасуының қиын жылдарындағы сіздердің еңбегіңіз біздің рухани және материалдық байлығымызды асырып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым мен білім дамып, қалалар тұрғызылды. Ал, бүгінде көптеген аға буын өкілдері өңір мен ел игілігі үшін еңбек етуде.

Қарттар күні жыл сайын қарттар мен мүгедектерді қолдау айы ретінде басталып, аталып өтеді. Бүгінде өңірімізде 111 мыңнан астам зейнеткер тұрады, оның ішінде 18 ардагер және 453-і Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендер мен 3175 тыл еңбеккерлері. Айлық аясында барлық топтағы 20 мыңнан астам қарттар мен мүгедек азаматтарға бюджет қаражаты есебінен 168,5 миллион теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек беріледі. Сонымен қатар, үйде медициналық қызмет көрсету және басқа да әлеуметтік қолдауды, әсіресе, қыста отын сатып алу, қосалқы шаруашылықтардан жем-шөп алу, тұрғын үйді жөндеу және тағы басқалары қарастырылған.

Құрметті ардагерлер!

Біз Сіздердің ақыл-кеңестеріңізбен, өмірлік тәжірибеңізбен, кәсіби шеберлігіңіздің арқасында жарқын болашаққа жетеміз. Сіздер Тәуелсіз Қазақстан халқына еңбек ерлігінің көптеген үлгілерін, даналық пен нағыз патриотизмнің үлгілерін ұсынған жасампаз буынысыздар. Осы айтулы күні туған жерге деген сүйіспеншілігіңіз үшін, аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаныңыз үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, өмірге деген құштарлық, жақындарыңыздың жылуы мен махаббатын тілеймін!

***

Құрметті ақмолалық ардагерлер, қадірлі жерлестер!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусының атынан аға ұрпақты даналық, кемелдік және рухани жомарттық, өмірлік тәжірибесі мол адамдарға тән қасиеттер күнімен құттықтаймын! Бұл – біздің сүйікті ата-әжелеріміздің мерекесі. Бұл мереке жақын жерде, біздің арамызда ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін адамдар бар екенін еске салады.
Уақыт пен ұрпақ арасында тікелей байланыс орнатқандарыңыз үшін, өмірде шынайы болғандарыңыз үшін, адал жұмыс істеп, кейінгі жастарға жеңіске жету жолын көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіремін! Шын жүректен Сіздерге, қымбатты аға ұрпақ өкілдері, зор денсаулық, ұзақ өмір, сенім мен рухтың күштілігін, сүйіспеншілік, жақындарыңыз бен туған-туыстарыңыздың пейілді көңілін тілеймін.
Әрқайсыңыздың әрдайым дендеріңіз сау болсын, жақсы көңіл-күйде болыңыздар! Сіздерге, ардақты қариялар, бақыт пен амандық тілеп, өмірдің бар жақсылығы мен ризығын көрулеріңізге шынайы ниеттестігімді білдіремін!

Мұрат БАЛПАН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар