Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылу беруде кідіріс болмасын, жолдар да сапалы салынсын - АРҚА АЖАРЫ

Жылу беруде кідіріс болмасын, жолдар да сапалы салынсын

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген әкімдік мәжілісінде 2021-2022 жылғы қысқы жылу беру маусымын ойдағыдай өткізу, өңіріміздегі автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстарының барысы туралы мәселелер қаралып, талқыланды.

Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, қала мен аудан әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы болып қаралған мәселе – жылу беру маусымына облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаевтың айтуынша ағымдағы жылы 40 миллиард теңге қаржы бөлінген. Мәселен, 2019 жылы 32 миллиард бөлінсе, өткен 2020 жылы 37 миллиард теңге қарастырылған, яғни, жыл сайын қаржыландыру көлемі өсе түсуде. Оның ішінде жылумен жабдықтау саласында құрылысқа, реконструкциялауға, жөндеу жұмыстарына және отын сатып алуға 13 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Ағымдағы жылы облыстың 7 елді мекенінде жылу көздері мен жылу желілерін реконструкциялау мен салудың 13 жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның 5-еуі Көкшетау қаласындағы жылу желілерін қайта құру бойынша бағытталған жобалар. Аталған жобалардың аясында жылумен жабдықтау желілеріне қосымша 21 көп пәтерлі тұрғын үйді, 189 жеке үйді және 22 әкімшілік объектіні қосуға, сондай-ақ, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік туып отыр. Қазіргі таңда облыс бойынша 659 бу қазандығы толық дайын болса, бес қазандық әлі де болса дайын емес.
Қазіргі таңда 150 мың тонна көмір дайындалған көрінеді. Мұның өзі екі айдың қажетіне жуық. Қысқы кезеңге барлығы 662 мың тонна қажет. Көмірдің орташа құны шамамен өткен жылдың деңгейінде қалып отыр және тоннасы шамамен 13 200 теңгені құрайды. Басқарма басшысының айтуынша, жылу маусымын ойдағыдай өткізу үшін 42 мың тонна мазут керек. Әзірше, оның тоннасы 100 мың теңге көлемінде. Бұған жол шығынын қосқанда 113 мың теңге болып шыға келеді. Жиында өңір басшысы қысқы жылу беру мәселесіне ерекше назар аудару керектігін баса айтып, іркіліс болмауын талап етіп, бірқатар аудан басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиында Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы В.Кулаковтың баян-
дамасы тыңдалды. Биыл Ақмола облысына жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және көше-жол желісін салуға, жөндеуге 37,8 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 17,6 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Қазіргі таңда бөлінген қаражат шеңберінде 232 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, ағымдағы жылы 172 жоба аяқталады. Жоба аясында облыстық, аудандық маңызы бар автожол (317,2 шақырым) және елді мекендердің көше-жол желісі бар (472,1 шақырым), барлығы 800 шақырымға жуық жол жөнделетін болады.
«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 3 480,4 миллион теңге бөлінді, бұл қаражатқа 117,9 шақырым жол жөндеу жоспарланған. Осы бағдарлама бойынша Жақсы, Егіндікөл, Қорғалжын, Зеренді және Біржан сал аудандарында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы, жол жөндеуге бөлінген қаржы аз емес. Қазір облыс аумағында осы қаржыға жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын ала түскен. Мақсат – қыс түскенге дейін оларды жөндеп болып, бөлінген қаржыны толық игеру. Жиында сөз сөйлеген сала басшысы әр учаскедегі жүргізіліп жатқан жұмыстарға жеке тоқталып өтті. Сөйтіп, күнделікті бақылаудың нәтижесінде көзделген іс толық көлемінде жүзеге асатындығына сенім білдірді.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өзінің қорытынды сөзінде жылу мен жол мәселесі басты назарда болатындығын айта келіп, бөлінген қаржыны толық көлемде игеру қажеттігін ерекше атап өтті.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар