Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіл – достықтың алтын көпірі - АРҚА АЖАРЫ

Тіл – достықтың алтын көпірі

Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған онкүндік өткізу жөніндегі іс-шараларының аудандық жоспарына сай ағымдағы жылдың
5 қыркүйегінен 15 қыркүйегіне дейін онкүндік өткізілді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесін арттырып, насихаттау, еліміздегі әртүрлі ұлт өкілдерінің тілдерін дамытуға қолдау көрсету болып табылады. Келешек ұрпағымыздың тілге деген құрметі мен құштарлығын оята отырып, патриоттық сезімдеріне ұшқын беру де – басты ұстанымдардың бірі. «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің ұйтқысы», ендеше бірлесе отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру біздің парызымыз.
Онкүндік аясында Шортанды ауданында 100-ге жуық іс-шара өтікізілді. Іс-шараның басым бөлігін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ведомстволық ұйымдары, білім беру ошақтары және ауылдық округтер өткізді. Іс-шаралар конкурс, ашық сабақ, пікір алмасу, әртүрлі сайыс ұйымдастыру, акция, үндеу форматында жүзеге асты. Сонымен қатар, біршама мекемелерге онлайн форматта әдістемелік көмек көрсетілді. Онда істер номенклатурасы бойынша барлық құжаттар мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда өзге де тілдерге аударылуы керек екені, әрі сауатты рәсімделу керек екендігі түсінідірілді.
Жалпы, тіл мәселесі күнделікті күн тәртібінен түспеуі керек. Тіл мәселесі мемлекеттік мекемелерде, білім ошақтарында, мәдениет ошақтарында, сауда, қоғамдық орындарында жиі талқыланып, қолдану аясын кеңейту шаралары, акциялар, үндеулер ұйымдастырылып отырылуы тиіс.
Сонымен қатар, қазіргі таңда ең өзекті мәселе – елді мекен атауларын, көше атауларын қайта атау. Атау беру, қайта атаудың да өзіндік талаптары бар. Сауаттылықты талап етеді, тарихқа көз жүгіртіп, архив құжаттарымен жұмыс істеуді талап етеді. Мәселен, жеке кәсіпкерлік объектілеріне, дүкендер, қонақ үй, асхана, шаштараз, басқа да нысандар атауларына ұлы тұлғаларымыз бен батырларымыздың (Абай, Абылай, Кенесары, Шәкәрім т.б.) есімдерінің берілмеуіне аса назар аударып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазіргі уақытта, Шортанды ауданында Ұлы адамдардың есімдері берілген нысандар жоқ.
Тіл заңнамасына қайшы олқылықтарды болдырмас үшін шілде айынның басында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жеке кәсіпкерлер және жарнама агенттіктеріне әдістемелік көмек көрсетіп, ұсыныс хаттар табысталды. Онда кәсіпкерлерге Тіл заңнамаларына қайшы келген көрнекі ақпарат құралдары мен маңдайша жазулары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Жедел жәрдем» («Callcenter») жұмыс істейтіні туралы хабарладық. Ол туралы аудандық газеттерде жарияланған болатын. Арнайы келген бір кәсіпкерге әдістемелік көмек көрсетілді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қолданыс аясын кеңейту тек сіздер мен біздердің қолымызда екенін есте ұстайық. Ертеңгі күннің жарқын болашағы – қазақ тілінде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Әлі-ақ қазақ тілі тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады, тек оны насихаттай білуіміз керек» деген, ендеше қазақ тілін насихаттауға баршамыз атсалысайық. Тіл – достықтың алтын көпірі. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.

Нұрайым АДАЛБЕК,
Шортандық аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар