Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қашанда ел құрметіне лайық батыл жандар - АРҚА АЖАРЫ

Қашанда ел құрметіне лайық батыл жандар

Айтып келмейтін апаттың алдын алып, жан баласына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға даяр тұратын құтқарушылардың еңбегі адал. Ертең, яғни, 19 қазан күні осы батыл жандардың мерекесі. 1995 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды.

Дәл осы күн Құтқарушылар күні болып белгіленіп, халықты, республика аумағындағы нысандарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ететін сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіліп келеді. Еліміз егемендік алғанға дейін республикада халыққа қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару ұйымы болған жоқ. Адамдарды құтқарумен Бүкілодақтық кәсіподақтар орталық кеңесінің туристік бақылау-құтқару қызметі және Қазақ ССР спорт комитетінің альпинистік бақылау-құтқару бекеті айналыс-ты. Олар адамдарды тек тау жағдайында құтқаратын әуесқой альпинистерден тұрды. Адамдарды басқа қауіпті жағдайлардан құтқаруды көбінесе құтқару техникасы мен жабдықтары немесе арнайы даярлықтан өткен және жабдықталған мамандары жоқ полиция қызметкерлері жүргізуге мәжбүр болды.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жабдықталуы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Бүгінгі күні облыс аумағында 34 өрт сөндіру бөлімшесі бар. Штатта барлығы 1377 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда олардың еншісінде 221 автокөлік пен құтқару техникасы, оның ішінде 164 негізгі және арнайы мақсаттағы және 57 қосалқы техника бар.
Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кез-келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жою оңай емес.
«От пен су – тілсіз жау» деп бекер айтылмаған. Тұрғындардың ең көп душар болатын апаттары да осылар. Жыл басынан 2887 рет өрт сөндіру жағдайы тіркелді. Жедел іс-қимылдар нәтижесінде өрттен 70 адам құтқарылды және 191 адам эвакуацияланды. Ал, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жеке құраммен 73 адам құтқарылды және 269 адам эвакуацияланды. Олардың басым көпшілігі қауіпсіздік шараларына мән бермеудің салдарынан осындайға душар болғандар.
Ақмола облысында табиғи апаттардың көптеген түріне алдын ала дайындық жұмыстары жүйелі жүргізіліп тұрады. Мәселен, қыстың қақаған, аязды боранды күндері адасып қалған, көктемде еріген қар суына тап болған, жазғы шомылу маусымында өзен-көлдерде шомылып, қауіпсіздік шараларын ұстанбаған адамдарды құтқару шаралары үнемі назарда. Осындай төтенше жағдайлардың алдын алу, күтпеген жерден болатын апат кездерінде тұрғындарға жәрдемдесу біздің сала қызметкерлерінің қай-қайсысының болсын, басты міндеті. Құтқару қызметінде уақыт санаспай, күн-түн демес-тен жұмыс істейтін қауырт шақтар көп. Мұндайда кәсіби дайындықтары жоғары құтқарушылар ғана төзімділік танытып, талап тұғырынан көрінеді. Ақмола облысының өртке қарсы қызметі құрылған 26 жыл ішінде 13 қызметкер ерлігі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында Ж.Еркенов, М.Нұрбаев, Б.Тәшенов, Б.Жақиянов, А.Жоламанов, Ю.Новосельцев, М.Карпенко, М.Әбжанов, С.Авершин, Ж.Смағұлов, Н.Мусин, Е.Молдаханов, А.Қалиев бар. Сондай-ақ, В.Теплов саланың құрметті қызметкері атағына ие болса, тағы екі қызметкер, атап айтсақ, Н.Қияқов пен Ю.Новосельцев екінші және үшінші дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталды. Осы жылдар аралығында Көкшетау, Ақмола өртке қарсы күрес қызметінің басшылық қызметінде тұрған П.Дорохин, С.Ставров, Н.Гусынин, В.Момот, Е.Перлей, С.Асылбеков, Б.Жолдаспаев, Т.Кәкімов, Н.Интуев, Н.Тасовтар осы салада көп еңбек сіңірді.
Өжеттілік пен шапшаңдылықты, қайсар мінезді талап ететін мамандық иелерін бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, сала ардагерлері мен қызметкерлеріне, олардың отбасыларына амандық тілеймін. Жұмыла атқарған еңбегіміз нәтижелі болып, қоғамға адал қызмет етейік!

Нұрлан АТЫҒАЕВ,
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар
департаментінің бастығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар