Сарыарқаның төрінде!..

Патшалық Ресейдің ертедегі картасында Сарықыздың моласы көрсетілген. Сарықыз Қозған руының Тоқтас батырдың кіші әйелі. Тоқтас батыр мен Сарықыздан Есенқұл, Ырыс, Көбек туады. Олардан тараған ұрпақ Сарықозған атанады, Бұл жайлы деректер Григорий Потаниннің еңбектерінде және Щербиннің зерттеу экспедициясы материалдарында көрініс тапқан.

Төрт ғасыр бұрын, қозғандар,
Сарыарқаның төрінде.
Ел болып, тұтас, қазақ боп,
Кереку мен Екібас,
Майқайың мен Бірлікте,
Баянауыл жерінде.
Жасаған екен тірлікті.
Бабаларым, шетінен,
Батыр болған деседі.
Ел шетіне жау шапса,
Ұйымдаса кетеді.
Елін, Жерін қорғауда,
Жанын пида етеді.
Біздің Тоқтас бабамыз,
Аты шулы ер болған,
Өзінің сол заманда,
Атағы оның жер жарған.
Сексенге келген шағында,
Сарықыз Анаға сөз салған.
Сол Сарықыз Анадан,
Сары Қозғандар тараған…
Анамыздың зираты,
Кезінде керемет саналған.
Ащысу өзені бойына,
Төрт жүз жыл бұрын қаланған.
Қараусыз қалып, көп жылдар,
Уақыт өте тоздырған,
Табиғаттың қатал мінезі,
Аямай-ақ аздырған.
Осыны көрген ұрпағы,
Тыныштығы жоғалды.
Мал атаулы сүйкеніп,
Құлауға мазар аз қалды.
Бірнеше рет бас қосып,
Қозғандар жоспар жасады.
Сол жердегі қорымды,
Алдымен қоршау керек деп.
Соңынан ақша жиналса,
Қаражат жетіп артылса.
Орнына үлкен кесене,
Орнатуды ұйғарды.
Бұл істі бәрі қолдады,
Ағайындар жиылып,
Қоршауды кеше қолға алды.
Бір адамдай жұмылып,
Жабылып кетті, ағайын.
«Көп түкірсе – көл», – деген,
Бабалар сөзін жазайын.
Қозғандар бүгін ерледі,
Бәрі де қатты терледі.
Бұл істе үлкен сауап алып,
Намысты қолдан бермеді!

Сәрсенбай Ысқақұлы.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар