Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Татар-башқұрт этномәдени бірлестігіне – 30 жыл - АРҚА АЖАРЫ

Татар-башқұрт этномәдени бірлестігіне – 30 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова «Достық» үйінде өткен татар-башқұрт бірлестігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға арнайы келген «Қазақстандық татар-башқұрт конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Тауфик Каримов аталмыш ұйымның өңірдегі мүшелерін осынау мерейлі мерекелерімен құттықтады.

Кездесуді Ақмола облысының татар-башқұрт бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев жүргізіп отырды. Ресми деректерге жүгінсек, Ақмола облысында бүгінде 15 мыңнан астам татар-башқұрт ұлтының өкілдері өмір сүруде. Облыс әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы өз сөзінде:

–Облыста тұрып жатқан татарлар аумақтың әлеуметтік — экономикалық және мәдени дамуына, қоғамдағы бірлік пен этносаралық келісімнің нығаюына сүбелі үлес қосуда. Сонымен қатар, татарлар өңірдің барлық өндірістік салаларында белсенді түрде ел игілігі үшін еңбек етуде. Солардың ішінде Гульфат Усманова, Лариса Канафина, Вероника Бурда секілді жарқын тұлғалар мәдениет саласының дамуына атсалысып жүр, –деп атап өтті.

Өз кезегінде Тауфик Каримов облыстардағы татар этномәдени бірлестіктерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткізілетін әрбір іс-шарасына белсенді қатысатынын атап өтіп, мемлекеттік органдарға татар-башқұрт этносының тілін, мәдениетін сақтау мен дамытуда көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғыс айтты. Оның мәлімдеуінше, елімізде 28 татар-башқұрт этномәдени бірлестігі және 42 шығармашылық ұжым жұмыс істейді екен. Шығармашылық ұжымдардың 7-еуінің халықтық атағы бар екен. Солардың ішінде Ақмола облысындағы «Ғалиябану» вокалдық ансамблі 2018 жылы халықтық атағына ие болыпты.

–Татар-башқұрт этномәдени бірлестіктерінің құрылғанына былтыр 30 жыл толған еді. Өкінішке орай, әлемді дендеген коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік шектеулер салдарынан мерейлі датаны лайықты атап өте алмадық. Биыл кеш болса да, этномәдени бірлестіктерге арнайы барып, құттықтап, түрлі кездесулер ұйымдастырып, алғысымызды жеткізіп жүрміз, –деді Тауфик Каримов.

Кездесу барысында татар-башқұрт қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына орай, оның белсенді мүшелеріне Дүниежүзілік татарлар конгресінің медальдері мен Құрмет грамоталары тапсырылды. Кездесу достық пен татулық көрініс берген еркін жағдайда өтіп, қатысушылар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің этносаралық қатынастар саласындағы өзара тиімді іс-қимылына қол жеткізу, өңірдегі қоғамдық келісім мен бірлікті одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасты.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар