Ономастика білгірлері марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты тақырыпта облыстық онлайн конкурс болып өтті. Конкурстың басты мақсаты жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін мамандардың жұмысын ынталандыру, ономастика мәселесін жетілдіру болып табылады.

Конкурсқа өңіріміздің он ауданынан жергілікті жерлердегі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тілдерді дамыту мәселесіне жауапты мамандар қатысты.
Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс ережесіне сай, қатысушылар ағымдағы жылдың басынан бері ономастика бойынша газеттерде жарияланған мақалалары мен әлеуметтік желілерде көрініс тапқан посттарының сілтемесі мен скринингтерін тапсыру қажет екен. Сондай-ақ, олар онлайн байланысқа шығып, қазылар алқасының алдында Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңына, ономастика саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» демекші, қатысушыларға берілген қос тапсырманы жақсы орындап, дараланған Атбасар ауданындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ерік Махатов байқаудың жүлделі бірінші орынын иеленді. Ал, Жарқайың аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нәзира Шпанова мен Қорғалжын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Халым Пәния жүлделі екінші орынды өзара бөлісті. Сонымен қатар, жүлделі үшінші орынға Астрахан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлнәр Қарасаева мен Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Самал Нұрғалиева қол жеткізді. Байқауға қатысқан Ақкөл, Біржан сал, Ерейментау, Зеренді аудандары мен Степногорск қаласының мамандары ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастыру алқасының Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар