Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ревакцинация бірінші кезекте кімдерге жасалады: Қаулы шықты - АРҚА АЖАРЫ

Ревакцинация бірінші кезекте кімдерге жасалады: Қаулы шықты

ҚР Бас санитар дәрігерінің халыққа ревакцинация жасау туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация жүргізу туралы қаулысы жарияланды. Құжатта КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жататын халықтың тәуекел топтары көрсетілген.
Олар: 1) медицина қызметкерлері; 2) педагогтер; 3) күш құрылымдарының қызметкерлері; 4) медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті; 5) 60 жастан асқан адамдар; 6) Бұған дейін КВИ-ге қарсы вакцина алса да, иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессивті терапиядағы адамдар (лейкемияны, лимфоманы және миеломаны қоса алғанда, қатты ісікті немесе гематологиялық қатерлі ісікті белсенді иммуносупрессивті емдеу немесе осындай емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 ай ішінде), гемодиализдегі адамдар, трансплантат реципиенттері, АИТВ жұқтырған ауыр бастапқы иммун тапшылығы); 7) өз бетінше тексерілу нәтижесінде ағзасында КВИ-ге қарсы антидене жоқ екені анықталған адамдар.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар